Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Мектеп пәні» тақырыбына қойылым №2 (2 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Мектеп пәні» тақырыбына қойылым №2 (2 сынып, II тоқсан )



Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Менің мектебім»
Сабақ тақырыбы:«Мектеп пәні» тақырыбына қойылым №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттарs: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
2.3.2.1 таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалім көмегімен таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар: таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: өз бетінше таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
(Ұ) Берілген сөздермен дәптерге сөйлем құрастыру.
Жанында, артында, астында, алдында, үстінде
Дескриптор:
5 сөйлем құрастырады.
Сөйлемдерді дұрыс құрастырады.
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
Таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінуді үйренеміз.
Мәтінді мәнерлеп оқу.
Менің мектептегі сүйікті орным – ойын алаңы. Бұл жерде балалар көп болады.Ойын алаңында демаламыз, спортпен айналысамыз. Ойын алаңына қоңырауды немесе сабақтан соң келеміз. Бұл жерде әрқашан шулы және көңілді.
(Ө) Құрастырған сұрақтарын оқиды, қалған оқушылар жауап береді.
Дескрипторлар:
Сөздердің орфоэпиялық нормаларын дұрыс сақтап оқиды.
Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.
Сұрақтарға жауап береді.
Бірін-бірі бағалайды.
Мектептегі сүйікті орны туралы айтады.
(МК,Ұ) Мұғалім «Мектеп» тақырыбына сөздік карточкалық ойын жүргізеді. Оқушылар шеңбер құрып отырады, ал ортада «мектеп» карточкалары жатады. Олар кезекпен карточканы алып, ондағы сөзді дауыстап оқиды. Мысалы, «терезе» дегенде, олар осы сөзбен байланысты сөйлем құрай алу керек. Кімде кім оқылған сөзге сөйлем құрай алса, карточкаларын сақтап қала алады. Карточканы көп жинаған ойыншы жеңімпаз атанады.
би залы, мұғалімдер бөлмесі, қойма, асхана, спорт залы, кітапхана, қазақ тілі, ән-күй сабағы, оқулық, дәптер, қалам, өшіргіш, сызғыш, бояу, ермексаз, желім, тақта, күнделік, мұғалім, оқушы.
Жетондар арқылы бағалау
Дифференциация:
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар
«стоп-кадрды» басқаларға түсіндіреді;
қабылдау деңгейі орташа оқушылар мектеп пәнін атай алады. ....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle