Отбасы туралы кітаптардан және экраннан әңгімелер оқу (2 сынып, I тоқсан )

 Отбасы туралы кітаптардан және экраннан әңгімелер оқу  (2 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2
Сабақ тақырыбы:Отбасы туралы кітаптардан және экраннан әңгімелер оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.2.1 Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну.
2.3.2.1 Шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді, баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді, баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын тұтастай түсінеді, баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын еркін түсінеді.
Сабақ барысы: (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Қадамдар» ойыны. Оқушылар отбасы тақырыбына қатысты сөздер айтып, қадамдар жасайды. Көп қадам жасап, алға озған оқушы жеңімпаз болады.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(Ж) Сөз бұлты. Оқушылар сөз бұлтынан сөздерді оқып, өзіне таныс сөздерді жасыл қарындашпен, таныс емес сөздерді қызыл қарындашпен белгілейді. Таныс емес сөздерді сөздікке жазады, мұғалімнің көмегімен мағынасын таниды. Сөздермен сөйлемдер құрастырады.
(Ө) Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, сөйлемдер қатысты «иә» немесе «жоқ» сөздерін белгілеп отырады. Жауаптарын тексереді.
Динаның ағасы бар. Ағасы – өте ақылды, сабырлы адам. Дина ағасымен бос уақытында кітап оқиды, шахмат ойнайды. Динаға шахмат ойнауды ағасы үйретті. Дина ағасын жақсы көреді.
• Динаның ағасы жоқ. иә жоқ
• Динаның ағасы өте ақылды адам. иә жоқ
• Дина ағасымен доп ойнайды. иә жоқ
• Ағасы Динаға шахмат ойнауды үйретті. иә жоқ
• Дина ағасын жақсы көреді. иә жоқ
(Ұ) Сергіту сәті. Тақпақты айта отырып, қимылдарды жасайды.
Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Бетіңді жушы,
Қолыңды сүртші,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Киіміңді киші,
Мектепке қарай жүрші,
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 866



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?