«Менің денем» ақпараттық постер (1-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )

 «Менің денем» ақпараттық постер (1-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақ тақырыбы:«Менің денем» ақпараттық постер (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.4.5.1 мұғалімнің қолдауымен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді анықтап, дұрыс жазу
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді анықтап, дұрыс жазады.
Көптеген оқушылар: ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді анықтап, дұрыс жазады.
Кейбір оқушылар: ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді анықтап, дұрыс жазады.
Сабақ барысы: (МК) Қызығушылықты ояту. «Шаттық шеңбері».
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам жасаймыз.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.
(Ұ) «Іздер» ойыны. Оқушылар іздермен жүре отырып сөйлемдер айтады.
(Ж) «Адасқан әріптер». Оқушылар орны ауысып келген әріптерден сөз құрап, Whiteboard қағаздарға жазып көрсетеді. Түпнұсқамен салыстыру арқылы өзін-өзі тексереді.
• мұрын / рмынұ
• арқа / ақар
• тізе / ітез
• ауыз / уаыз
• құлақ / ққлұа
• саусақ / саақус
• аяқ / ақя
Дескриптор:
• сөздерді дұрыс жазады.
Сергіту сәті. «Аяқпенен топ-топ-топ» әнін айтып, қимылдар жасайды.
Аяқпенен топ – топ – топ,
Алақанмен хлоп – хлоп – хлоп.
Бір оңға, бір солға,
Айналайық кел мұнда.
Қолымызды бір сілтеп,
Басымызды шайқайық.
Бір оңға, бір солға
Ойнайықшы кел мұнда.
Секіреміз жоғары,
Қиын емес секіру.
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мұнда.
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мұнда.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 308



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі