Дәрігерге бару – идеяларды есте сақтау №1 (1 сынып, 8 бөлім )

 Дәрігерге бару – идеяларды есте сақтау №1 (1 сынып, 8 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақтың тақырыбы:Дәрігерге бару – идеяларды есте сақтау№1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.5 Тыңдалған және оқылған мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру
1.1.5.1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді
2.4 Диалогке қатысу
1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Тыңдаған мәтінді түсінеді түсінгенін сұрақтар арқылы білдіреді. Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Көбі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Кейбірі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Жүйелі сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
(Ұ) Сынып оқушылары «Дәрігерге бару» туралы әңгімелерін мұғалімнің әңгімені мазмұндау жоспары мен іс-қимылын пайдалана отырып мазмұнын айтып береді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы:
Дәрігерге бару – идеяларды есте сақтау№1
Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты:
• Дәрігерге барғанда не айту керек екенін білу;
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
(Ұ) Сыныптан үш оқушыны дәрігерге бару туралы әңгіменің көрінісін көрсету үшін ортаға шығару.
Басқа оқушылар әңгімені тек мазмұндап береді.
Қажетті кейіпкерлер: бала, ана, дәрігер. Олар рөлдік ойын барысында тиісті интонация мен тыңдаушыны сендіретін қажетті іс-қимыл көрсетулері керек.
Диалог Дәрігерде
- Сәлеметсіз бе!
- Амансыз ба!
- Менің балам ауырып тұр.
- Отырыңыздар. Қай жеріңіз ауырады?
- Менің басым, тамағым ауырады.
- Тамағыңызды көрсетіңіз. Сізге салқын тиіпті. Мына дәріні ішіңіз.
(Т, Қ) Оқушылар үш топқа бөлінеді және әр топ дәрігерге бару көрінісін қояды, сонымен қатар топтан бір оқушы шығып, осы әңгіменің мазмұнын айтады.
Оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалаңыз.:
• топта жұмыс істеу, сөйлеу, тыңдау;
• шағын әңгімені іс-қимылмен мазмұндау;
• шағын әңгіменің көрінісін қою.
Диалог Дәріханада
- Сәлеметсіз бе!
- Амансыз ба!
- Сіздерде жүрек ауруының дәрілері бар ма?
- Бар. Дәріқағаз көрсетіңіз.
- Мінеки.
- Дәріқағаз бойынша барлық дәрілер бар.
- Мен алайын.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 776



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!