Кешке арналған айрықша ас мәзірі –оқылым№1 (1 сынып, 7 бөлім )

 Кешке арналған айрықша ас мәзірі –оқылым№1 (1 сынып, 7 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тамақ және сусын
Сабақтың тақырыбы:Кешке арналған айрықша ас мәзірі –оқылым№1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.1 Зейін қойып тыңдау
1.1.1.1 Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды.
3.1 Зейін қойып оқу
1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Сөздерді зейін қойып тыңдайды. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды.
Көбі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды және дұрыс қабылдайды.
Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
Кейбірі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды, сөздердің мағынасын түсінеді және сөйлемдерде қолданады.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
(Ұ) Алда өткен «Шалқан» ертегісімен байланыстырып, сабақтың тақырыбын ашу. Сұхбат жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
• Шал не өсірді?
• Шал шалқан өсірді.
• Шалқанды не үшін өсірді?
• Шалқанды жеу үшін өсірді.
Бірнеше кеспе карточкалар мұғалімнің қолында болады. Ол кеспе карточкаларда «Сусын, жануар, аң, көлік, мектеп, тағам» шалқан қай тобына жатады деп ойлайсыңдар? (саралау) Бұл сұраққа жоғары деңгейлі оқушы жауап бере алады. Осылайша ойша топтау жұмысы жүргізіледі.
Біз бүгін не туралы өтеміз? сұрағына орта деңгейлі оқушылар жауап бере алады. Қандай тағамдарды білесіңдер? сұрағына төмен деңгейлі оқушылар жауап бере алады.
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
(МК) Бөлім көңілді кешке арналған ас мәзірін құрастырудан (жазудан) басталады. Оқушыларға ас мәзірі не екенін түсіндіру.
• Балалар ас мәзірі деген не?
• Ол қайда болады?
• Даяшылар ас мәзірін мейрамханада, кафеде не үшін береді?
• Онда нелер жазылады?
(Ұ) Тамақ және сусын түрлерінің суреттерін көрсету.
Оларды атап, соңынан оқушыларға бірнеше рет қайталату.
Тамақ Сусын
нан сүт
ет су
май көже
қант сорпа
тоқаш шай
ботқа шырын
күріш айран
кәмпит қымыз
бауырсақ шұбат
шұжық шалап
торт
СЕРГІТУ СӘТІ.
Қантты қытыр-қытыр жейміз. (ерінді қимылдату арқылы көрсету)
Шайды үрлеп-үрлеп ішеміз. (ерін алға жылжиды).....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 034



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!