Қазақстан туралы өлең шығару №3 (1 сынып, 6 бөлім )

 Қазақстан туралы өлең шығару №3 (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт дәстүр және ауыз әдебиеті
Сабақтың тақырыбы:Қазақстан туралы өлең шығару №3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
4.4 Грамматикалық нормалар және сауатты жазу
1.4.4.1 Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады
4.2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу
1.4.2.1 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі. Қарапайым тілмен жазады.
Көбі: Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда ескеріп отырады. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Кейбірі: Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады. Қарапайым, түсінікті тілмен қатесіз жазады.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
(Ұ) Өлеңді жатқа мәнерлеп айту.
Отан- сенің, ата-анаң
Отан- сенің, ата-анаң,
Отан- досың, бауырың.
Отан- өлкең, астанаң,
Отан- аудан, ауылың.
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
«Неткен Сұлу Қазақ жері» атты бейнежазбаны көру.
Қандай көріністер ұнады? Неге? деген сұраққа жауап береді.
(Т,Қ) Қабылдау деңгейі орташа оқушылармен жеке жұмыс істеу, олардың төмендегі дағдыларын бағалау:
• сурет бойынша зат есімдерді атау;
• зат есімге сын есімді тіркестіре алу;
• етістіктерді тіркестіре алу;
• сурет бойынша тақпақ құрастыру.
Оқушыларды топтарға бөлу. Суреттер бойынша өлең құрастырады.
(Б,Қ) Оқушылар жазған өлеңдерімен өзара алмасады, бір-бірін бағалап, өз пікірлерін білдіреді.
СЕРГІТУ СӘТІ. Айгөлек
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек!
Айдай толған кезімде
Би билеймін дөңгелеп!

Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек!
Күндей нұрлы шағымда
Күнге жетем өрмелеп! .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 689



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі