Ертегілер – қысқа фильмдерді көру «Үйшік» ертегісі (3-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім )

 Ертегілер – қысқа фильмдерді көру «Үйшік» ертегісі (3-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні
Сабақ тақырыбы:Ертегілер – қысқа фильмдерді көру. «Үйшік» ертегісі (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну
1.2.4.1 фото/ сурет/ қуыршақтарды қолданып, шағын мәтінді үлгі бойынша мазмұндау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді, сурет қолданып, шағын мәтінді үлгі бойынша мазмұндайды
Көптеген оқушылар шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді, сурет қолданып, шағын мәтінді үлгі бойынша мазмұндайды
Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді, сурет қолданып, шағын мәтінді үлгі бойынша еркін мазмұндайды.
Сабақ барысы: (МК) Қызығушылықты ояту.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз.
Сабаққа зер салайық,
Бәрін ұғып алайық!
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.
(МК) «Аяқталмаған сөйлемдер»
Оқушылар «Үйшік» ертегісі бойынша берілген сөйлемдерді толықтырып айтады.
Тапсырманың мақсаты – ертегі мазмұнын, сөздер мен сөз орамдарын еске түсіру.
Ертеде орманда бір............ .
Үйшікке бақа ................... .
Қоян сұрайды: .................................
Мен ................ қоянмын.
Тышқан, бақа және қоян үйшікте .......... .
Аю үйшікті ................................
Достар ........... , ............. үйшік жасайды.
(Ұ) «Ішкі, сыртқы шеңбер»
Сынып екі топқа бөлінеді. Бірінші топ ішкі шеңбер болады, екінші топ сыртқы шеңбер болады. «Үйшік» ертегісі бойынша алдымен ішкі шеңбер сөйлейді. Сыртқы шеңбер тыңдайды. Содан соң ауысып отырады.
Бір-бірін бағалайды.
(Ж) «Мен білемін»
Берілген сөйлемдерді оқи отырып, реттілігін номер қою арқылы анықтады.
Тышқан және бақа үйшікте өмір сүреді.
Үйшікке кішкентай тышқан келеді.
Ертеде орманда бір үйшік тұрады.
Бақа сұрайды: «Үйшікте кім бар?»
Достар жаңа, үлкен үйшік жасайды.
Аю үйшікке сыймайды.
Мен қорқақ қоянмын.
Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 568



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі