Үй жануарлары (2-сабақ) (1 сынып, 4 бөлім )

 Үй жануарлары (2-сабақ) (1 сынып, 4 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 Күні
Сабақ тақырыбы:Үй жануарлары (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану
1.2.6.1 мұғалімнің қолауымен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын артикуляциялау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолданып, ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын дұрыс айтады.
Көптеген оқушылар: заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолданады, ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын дұрыс айтады.
Кейбір оқушылар: заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде еркін қолданады, ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын дұрыс айтады.
Сабақ барысы: (МК) Ертеңгілік шеңбер.
Біз бақытты баламыз,
Ойнап, күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып білім аламыз.
(Ө) «Әріптеп айт»
Суретте көрген үй жануарларын анықтап, атауын әріптеп айтады.
(Ж) «Жұбынды тап» Оқушыларға үй жануарлары мен төлдері таратылып (карточкада төлдердің атаулары жазылады) беріледі. Сыныптың жартысы анасын іздейді, екінші жартысы төлдерін іздейді. Оқушылар жұптарын тапқан соң, өздерін бірінші жақта таныстырады.
Мен сиырмын.
Мен бұзаумын.
Сергіту сәті
«Қошақаны қойдың...» тақпағын бейнематериал арқылы қайталап айту.
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиіп тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
(Ж) «Сигналды карточкалар»
Карточкалар арқылы үй жануары мен төлдерін қайталап айтады. Бір оқушы үй жануарын көтереді, екінші оқушы төлдерін тауып, көрсетіп айтады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 317



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍