Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? № 11 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

 Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? № 11 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? № 11
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу
4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.5* үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру.
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мәтінді оқиды, оқыған мәтіннің мазмұнын тірек сөздер қолданып жазады, жай сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтінді мәнерлеп оқиды, мұғалімнің көмегімен жай және құрмалас сөйлемдер құастырады.
Оқушылардың кейбірі:
Мәтіннің мазмұнын өз бетінше жазады, жай және құрмалас сөйлемдерді құрастыруда сөздердің орын тәртібін сақтайды.
Сабақ барысы: Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: «Жүректен жүрекке» тренингі.
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту.
Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жүректің моделін беріп, жақсы тілек айтады, солай жалғаса береді: мейірімді бол, ақылды бол, ұқыпты бол, батыл бол, т.б.
Рaқмет!
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- мәтінді мәнерлеп, шолып оқимын;
- оқыған мәтіннің мазмұнын жазамын;
- сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлемдер құрастырамын.
«Қазына іздеу»
Орындау барысы: мұғалім тақырыпқа байланысты құнды бір ақпаратты жасырып қояды. Оқушылар жасырын ақпаратты табу үшін кедергілерден өтеді, яғни тапсырмаларды орындайды. Оқушыларға карта (маршрут) ұсынылады.
Кедергі 6 кезеңнен тұрады:
1-кезең. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алу
2-кезең.Сұраққа жауап беріп, диаграмманы толтыру
3-кезең. Сұрақтарға жауап беру
4-кезең. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазу
5-кезең. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрау
6-кезең. «Менің досым» деген тақырыпта фотоколлаж дайындау. Досыңның қандай бала екенін айту.
(Ұ, МК) 1-кезең. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алу.
Мен тәртіпті баламын
Мен тәртіпті баламын, Шкафтарды ашпаймын,
Айтқан тілді аламын. Кітаптарды шашпаймын.
Апам нанға кеткенде, Текшелерден үй жасап,
Үйде ойнап қаламын. Қызық ойын бастаймын.
Дескриптор:
1. Өлеңді мәнерлеп, шолып оқиды.
2. Тірек сөздерді, өлеңнің негізгі ойын анықтайды.
3. Өлеңнің бос орындарына керекті сөздерді қойып оқиды.
4. Еске сақтауға арналған сұрақтарға жауап береді:
- өлең қалай аталады?
- «-мын» деген жалғау неше рет кездеседі?
- апасы нанға кеткенде қайда қалады?
- неден үй жасайды?
- ол қандай бала?
(Ж) 2-кезең. Оқушылар сұраққа жауап беріп, диаграмманы толтырады, қорғайды, бірнеше жұптардың жауаптары тыңдалып «Бас бармақ» әдісімен бағаланады.
(Т) 3-кезең. Оқушылар түстер бойынша үш топқа бөлінеді. «Бинго» ойыны арқылы тақтада жасырынған ұяшықтарды таңдайды, сұрақтарға жауап береді.
1. Сенің досың қандай?
2. Ол ата-анасына көмектесе ме?
3. Жалқаубек қандай?
4. Ол бөлмесін жинай ма?
5. Әлібек пен Марат қайда барады?
6. Әлібек – қандай бала?
7. Әлібектің кітаптары қандай?
8. Әнел қайда жиі барады?
9. Әнел ақылды ма?
10. Қадиша – қандай қыз?
11. Мырзабек – қандай бала?
12. Нұрай – қандай қыз?
Кері байланыс: Топтар бір-бірін ұпай санымен бағалайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 839



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!