Шебер бала №10 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

 Шебер бала №10 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Шебер бала №10
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру.
3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну.
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2* өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Тақырып бойынша сұхбатқа қатысады, оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мұғалімнің қолдауымен сөздерді дұрыс байланыстырып жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
Тақырып бойынша еркін сұхбаттасады, оқыған мәтіннің негізгі ойын түсінеді, өз бетінше жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
Сұхбатқа түсу барысында басқа оқушылардың ойын толықтырады, оқыған мәтіннің негізгі ойын түсініп, өз пікірін білдіреді.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту. Тіл дамыту.
(МК) «Айырмашылығы неде?» ойыны
Оқушыларға екі түрлі сурет көрсетіледі. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтайды. Жауаптарын дəлелдейді.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құраймын;
- оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін;
- сұхбатқа түсемін;
- жалғауларды дұрыс жалғаймын.
Жаңа сөзді меңгерту: қауіпті, қате, ренжі, рас
1. Осы сөздердің мағыналарын синонимдер, антонимдері арқылы, суреттер арқылы түсіндіру.
Мысалы:
Жаңа сөздер Мағынасы жақын сөз Мағынасы қарама-қарсы сөз
қате бұрыс дұрыс
рас шын өтірік
қауіпті қорқынышты қауіпсіз
ренжу жабырқау ренжімеу
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
- дұрыс айтуға дағдыланады: қауіпті – қәуүптү, қате – қәте
3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастырады:
Шырпыдан жасалған үй, шебер бала, шырпы қораптары қауіпті
4. Сөйлемдер құрастыру.
Шырпымен ойнауға болмайды, себебі ол қауіпті. Мұғалім қатені түзетті. Марат рас айтады.
5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазады.
(Ө, МК) Тыңдалым. Сұхбатты 2 рет тыңдайды, жаңа сөздерді табады, сол сөздермен сөйлемдер құрайды, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
- Кімдер сұхбаттасты?
- Не туралы сұхбаттасты?
- Шырпы неліктен қауіпті?
Кері байланыс:
Мәтінмен жұмыс.
Оқылым алды тапсырмасы:
(Т) «Бастапқы танысу» әдісі бойынша мәтінді оқырдың алдында оқушыларға тақырып бойынша ассоциация жүргізіледі, яғни тақырыпты оқыған кезде олардың ойына не келгенін айтады. Оқушылар өздерінің ассоциацияларының негізінде мәтін не туралы болады деп ойлайтынын талқыға салады.
(Ұ ) Оқылым кезіндегі тапсырма
Мәтінді 3 оқушыдан рөлге бөліп оқиды (Автор, Мырзабек, Иманбек), тірек сөздерді табады.
Мырзабек – шебер бала. Ол ойыншықтың бәрін өзі жасайды. Ол шырпы қораптарынан әдемі үй жасайды. Иманбек бұл ойыншыққа қатты қызықты. «Не беріп айырбастап алсам екен?» деп ойлады.
Ол Мырзабекке:
- Мен саған добымды берейін. Сен маған ойыншық үйіңді берші, - деді.
Мырзабек допты алмады. Ол Иманбекке ойыншық үйді берді.
- Мен өзіме тағы жасап аламын, - деді Мырзабек.
Иманбек:
- Рақмет! – деп, қуанды.
М.Төрежанов
(Т) Оқылымнан кейінгі тапсырма:
1-топ. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды, басқа топтарға қояды:
1. Әңгімедегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
2. Мырзабек не жасады?
3. Оның ойыншығына кім қызықты?
4. Мырзабек пен Иманбек ойыншықтарын айырбастады ма? Неліктен?
2-топ. Мырзабекке сипаттама жасайды, дәлелдейді. Мәтіннің негізгі ойын анықтайды.
3-топ. Әңгіме желісі бойынша сахналайды.
Оқушылардың жұмыстары тыңдалады, мұғалім кері байланыс береді.
(Ұ) Грамматикалық қоржын сергіту сәті ретінде өткізіледі.
Оқушылар бір-біріне доп лақтырады да «Мен шебер...» деп жалғаусыз айтады, допты ұстап алған оқушы сол сөзді дұрыс жалғауымен айту керек. Тиісті жалғаулар тақтада беріледі.
Тиісті жалғаулар: -мын, -мін, -сің, -сіз, -сыз.
Мен шебер... Сен ұқыпты... Сіз ренжи... т.б. солай
сөздер жалғаса береді.
«Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар өзара бағалайды, комментарий береді.
(Ж) «Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады?» әдісі бойынша оқушыларға сөйлемдер беріліп, жауап ретінде осы сөйлемдерді алу үшін сұрақ қандай болатынын анықтайды.
Сөйлемдер: Мырзабек – шебер бала. Ол ойыншықтың бәрін өзі жасайды. Ол ойыншықты шырпының қорабынан жасайды. Ол шырпының қораптарынан әдемі үй жасайды. Ол ойыншығын Иманбекке берді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 339



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?