Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ең үлгілі №5 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ең үлгілі №5 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)



Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Ең үлгілі №5
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
3.1.2.1* баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту
3.4.5.2 дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздерді емлесін сақтап жазу
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы:
Шағын мәтіннің мазмұнын мұғалімнің көмегімен түсінеді, б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздерді дұрыс жазады
Оқушылардың көпшілігі:
Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады, дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздерді емлесін сақтап жазады.
Оқушылардың кейбірі:
Тыңдаған мәтін бойынша өз ойын білдіреді, жазылым барысында сөздердің емлесін сақтайды, сөйлемдер құрастырады.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбер: «Жүректен жүрекке»
Оқушылар шеңберге тұрады, алдымен бір–бірімен амандасып алады. Содан кейін жақсы тілектерін айтады.
Мен саған ... тілеймін! (бақыт, денсаулық, береке, сәттілік).
Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың мазмұнын болжайды.
 Қандай сыпайы сөздерді білесіңдер?
 Сыпайы, үлгілі оқушы қандай болады?
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- оқыған мәтіннің негізгі ойын түсінемін;
- тірек сөздерге сүйеніп, сөйлеймін.
(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: Үлгілі, сыпайы, ешкім
1. Осы сөздердің мағыналарын синонимдері, суреттері арқылы меңгерту
Үлгілі - өнегелі. Сыпайы – биязы.
Мен үлгілі+мін. Мен сыпайы+мын.
Сен үлгілі+сің. Сен сыпайы+сың.
Ешкім – ешкім жоқ, ешкім емес, ешкім келмеді.
!!!!! (Ешкім сөзінің әрқашан болымсыз мағынадағы сөздермен тіркесіп келетінін айту)
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
3. Сөйлемдер құрастыру.
Менің досым үлгілі оқушы. Сыпайы мінез. Сыпайы сөйлеу. Ешкім ән айтпады.
5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.
Тыңдалым алды тапсырмасы.
(Ө, Ж) Оқушылар берілген суреттердің ішінен сыпайы, үлгілі әрекеттерді «+» белгісімен, ал теріс әрекеттерді «–» белгісімен белгілейді, жұбына таңдаған бір суреттегі әрекетті айтып береді, өз ойын білдіреді.
Кері байланыс: Жұптар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
(Ұ) Тыңдалым кезіндегі тапсырма.
Мәтінді екі реті мұқият тыңдайды, таныс емес сөздерге түсінік беріледі.
Әли мен Айя үлгілі оқушылар. Мектептегі тәртіп ережелерін сақтайды. Әрқашан достарына көмекке келеді. Сабаққа кешікпейді. Ешкімді ренжітпейді. Үлкен адамдарды сыйлайды. Олар өте сыпайы балалар.
Жақында мектепте «Ең үлгілі оқушылар» байқауы болды. Әділқазылар оқушылардың тәртіптерін бақылады. Әли мен Айя «Ең үлгілі оқушылар» байқауының жеңімпазы болды.
(Ө) Берілген сөйлемдерге «иә» () немесе «жоқ»(×) деп жауап береді.
Әли мен Айя үлгілі оқушылар
Тәртіп ережелерін сақтайды.
Достарына көмекке келмейді.
Сабаққа кешікпейді.
Ешкімді ренжітеді
Олар сыпайы балалар
«Ең тәртіпсіз оқушылар» байқауының жеңімпазы болмады.
Дескриптор:
мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді анықтайды;
мәтін мазмұнына сәйкес емес сөйлемдерді анықтайды
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
(Т) Оқушылар түстер арқылы 2 топқа бөлінеді. Бірінші топ «Әли - үлгілі оқушы», екінші топ «Айя - сыпайы оқушы» деген тақырыпта тірек сөздер арқылы постер жасайды, сынып алдында жұмыстарын қорғайды.
Тірек сөздер: сыпайы, үлгілі, тәртіп ережесі, көмекке келу, сыйлау, кешікпеу, ренжітпеу, жеңімпаз болу.
Кері байланыс: Не қиын болды? Неліктен? Не жеңіл болды?...


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle