Ілияс Жансүгіров (Анчар)

 Ілияс Жансүгіров (Анчар)

Қу далада, құла түз,
Жер қақдаған күн тамыз.
Күзетшідей жапанда
Анчар — ағаш тұр жалғыз.
Табиғаты сахраның
Өсірді оны ашумен:
Тамыр, бұтақ, жапырағын
Суғарды да зәрлі умен.
Түстегі ыстық ерітсе,
Қабағынан тамады у.
Кешкі салқын қорытса,
Мөлдір сағыз у қою.
Қонбайды құс ағашқа,
Жоламайды жолбарыс
Тек жел ажал ағашқа
Салып өтер бір жарыс.
Иә қара бұлт қаңғырған
Жапырағына жауғанда,
Бұтақтағы жаңбырдан
У төгілер от құмға,
Адамға адам әмір қып,
Жұмсады улы анчарға.
Кетті көніп бұл қаңғып,
Ап қайтты уды ол таңда.
Әкелді ажал сағызбен
Қу жапырақты бір бұтақ,
Қаны қашқан қу жүзден
Салқын тері бұршақтап.
Әкелді — кетті әлсіреп,
Күркесіне жатты бұл.
Қожа алдында күші көп,
Өлді солай сорлы құл.
Алып патша бұл уды
Жақты көнбіс оғына.
Жіберді оқпен өлімді
Жан-жақтағы жауына

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!