Өлең: Ілияс Жансүгіров (Жанды асырау)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Жанды асырау)



Жаңармау деген ауру,
Жаңалау жанның тілегі.
Соңырқау қанның жүрегі,
Жапырақсыз ағаш қу емен.
Айбар қылып «арам» мен,
«Адал» менен алдалау,
Азаттық емес, жан қамау,
Адамдыққа несі тең.
Біреуді біреу сүю бар,
Ол - от, ол - күн, ол - көңіл.
Батар, кетер, өзгерер,
Сүюде, жану, сөну бар.
Біреуге біреу тию бар,
Ол - мер, дағды, ол - өмір.
Қоңыр өмір, құм көңіл,
Үйрену бар, көну бар.
Төрт аяқтан екі аяқ
Ажырайды несімен?
Махаббат ісімен
Айуан, адам - екеуі
Бір туысқан ағайын,
Адамда өткір көңіл бар,
Айуанда сезім тым доғал,
Талабы жоқ - «таңдайын
Махаббат жалын, жан оты,
Сөнді, болса жоқ күтім,
Онсыз өмір көк түтін,
Жандыруға жаңа отын!


Комментарии для сайта Cackle