Ілияс Жансүгіров (Ертегі)

 Ілияс Жансүгіров (Ертегі)

Ноэл
Ура! Ресейге шабад
Көшпелі деспот,
Айса жылайд;
Онымен бірге бар жұрт.
Мария жұбатып Айсаны қорқытад:
«Жыламашы, балам, жыламашы:
Бука-бука — кеп қалды орыс патшасы!
Патша келеді де мынаны айтад:
«Ұғыңдар, халық Российский,
Бар әлемге ұқтырдым.
Прусский, Австрийский
Өзіме мундир тіктірдім.
Ой, халық, қуан: саумын, семізбін, тоқпын,
Газетші мақтауымды жеткізді менің,
Жедім, іштім, істеймін дедім — істеген жоқпын.
Ұқ тағы, үстеуімен,
Соңынан мен не қылам:
Лавровқа — отставка берем,
Ал Сацты — сары үйге тығам.
Горголидің орнына сізді закунге көндірем,
Адамдарға адамның барлық правосы деймін,
Мұны патшалық рахымыммен,
Бергенім өз еркіммен».
Қуанып кетіп төсекте,
Секіріп тұрды баласы. «Шын ба?
Жоқ, қалжың ба?»
Кейіп кетті анасы:
«Пай-пай-пай, тентегім!
Ұйықтармысың сен тегі.
Жұмармысың көзіңді,
Ұйықтатпас па өзіңді
Патша-әкең айтқан ертегі!»

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!