Димаш Құдайберген туралы кітап жарыққа шықты

Димаш Құдайберген туралы кітап жарыққа шықты

Сүйінші! Миллиондаған жанкүйерлердің таңданысын тудырып, өзінің ерекше даусымен қалың көпшілікті аузына қаратқан талантты әнші Димаш Құдайбергенов туралы кітап жарыққа шықты. Бұл туралы филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия университетінің доценті, белгілі ақын Оңайгүл Тұржан мәлім етті.

Димаш Құдайберген туралы кітап жарыққа шықты

Ол өзінің фэйсбук парақшасында: "Музыка туралы тек музыкатанушылар жазсын деген Ереже бар болса, мен ол Ережеден кешірім сұраймын. Димаш жан дүниеміздегі жансыз қалған дүниелерімізді қозғап жіберді. Біз Димашты тыңдай жүріп, ән тыңдаудың да жаңа орбитасына көтерілдік. Имидж жайлы жақ ашпаған кезеңдерімізде қанша нәрсе жоғалттық өзі? Димаштың имиджі жайлы жазбау мүмкін болмай қалды. Біз тіпті көрермен туралы бір ауыз әңгіме айтпаппыз. Басқа халықтың көрермені көрермен сияқты да, біздің қазақтың көрермені солардың көрерменіне қол соғушы сияқты. Ендігі жерде олай болмайды. Залда отырған мына Сіз де, сол залдан шығып бара жатқан Ол да өнерге қанат бітірген құдіреттер. Димаштың өнеріне қол соққан қол шапалағымыздың үні күллі әлемді жалт қаратқандай. Біз тіпті Димаш арқылы өзімізді басқаша сезіне бастадық. Ал Димаштың өзі шеберлігін қалай шыңдады? Жас таланттарды қабілетін сындырып алмай, шеберлік шыңына жеткізуге бола ма? Менің "Димаш" атты эссе-кітабым осы және басқа да мәселелерді қозғады. Ой қосып, пікір бөліскен Димаштың ата-анасы Қанат пен Светланаға зор алғысымды айтамын. Бұл жаңа туындым өлең емес, эссе. Жоғарыда айтылған мәселелерді қозғаған жаңа стильдегі дүние. Оқимын десеңіз – мархаббат. Таяу күндері "Меломан", "Flip.kz" кітап сауда желісі арқылы сауда орындарына түседі. Мұндай желідегі дүкені жоқ қала, ауылдардағы оқырмандарым фейсбук, инстаграм желілері арқылы жекеге өзіме хабарласса болады, көмекші қыздарым сатуды ұйымдастырып жатыр",– деп жазды.



Естеріңізге сала кетейік, Димаш Қытайдан үлкен жеңіспен елге оралған еді. Әншіні Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы арнайы қабылдап, батасын берді. Мамыр айында әнші Францияда өтетін Канн фестивалінде құрметті қонақ ретінде ән шырқайды деп күтілуде.

Дайындаған: Жандарбек Жұмағұлов
Фото: facebook.com
дереккөз

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Гулнар Калымбетова
    0 + 0 -
    Қайрат пен Димаш қазақтың өнерпаз балдары. Екеуінің өзіндік ерекшіліктері бар. Менің балам Димаштан артық деу астамшылық. Жеке аналық көзбен әрине баласын ешкіммен теңестірмейді. Бірақ өнер жолында екеуіне алла саулық берсін . бақтары басынан таймасын.АЛЛА АСТАМШЫЛЫҚТАН САҚТАСЫН.Әр жайтқа өз орнымен қарап үйренейік,ҚАЗАҒЫМ.