Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сөз сынап өлең өлшемен)

 Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сөз сынап өлең өлшемен)

Сөз жазамын түнімен
Бар ұйқымды қашырып.
Тығып қойман мұны мен
Еш адамнан жасырып.
Мен кетермін, сөз қалар
Ақ қағазға басылып.
Бозбалалар қолға алар
Әр ауылға шашылып.
Оқырсың да қолға алып,
Сөздің мінін табарсың.
Өз сөзіңе өң салып,
Дауды жүндей сабарсың.
Болмасам да қасыңда,
Алды-артыңды қамарсың.
Миың бар ма басыңда,
Байқастамай шабарсың.
Білімді жұрттың ақыны
Біздің сөзді сынамас.
Жазушының жақыны
Қазақ мұны ұнамас.
Сынасарсың өзіңді,
Менің түгім құрамас.
Өлген кісі сөзімді
Сынама деп сұрамас.
Сынасын деп жазғамын,
Сынама деп жатпаймын.
Қазақтың мінін қазғамын,
Айтқанымнан қайтпаймын.
Қазақ сыншыл болса екен,
Болмасын деп айтпаймын.
Жетегіме ерсе екен,
Өлсем де тыныш жатпаймын.
Мен жетелеп өлемін,
Өрге қарай қазақты.
Өлсем де ойын бөлемін,
Сөзбен салып азапты.
Білімдінің сөзіндей
Сөзім демен таза, ақ-ты.
Қазақ болса өзімдей,
Қыла алмайды мазақты.
Қазақтың жайы белгілі,
Өлеңі өңкей құрама.
Байқадың ғой ендігі,
Оны менен сұрама.
«Ауылым қонды Нұраға,
Мінген атым сұр ала».
Керексіз сөзбен бұрала,
Қазақ сөйтпей тұра ма?!
Сөзімді өлшеп қараңыз,
Уәзінге дәл шыға ма,-
Қазақ деген балаңыз
Уәзінді де ұға ма?!
Сөзді әнге дұрыстап,
Өлшеуменен сыға ма,
Сыймаса да сырықтап,

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі