Шәкәрім Құдайбердіұлы (Адамның ең жақсысы)

 Шәкәрім Құдайбердіұлы (Адамның ең жақсысы)

Адамның ең жақсысы
Үш нәрсеге шоқынар,
Мақтаны, асы нәпсісі -
Шоқынғаны осылар.
Асты билер жас болса,
Мақтанар, баққа мас болса.
Аулақта арам ас болса,
Асаудан деме шошынар.
Сайтанмен ойнас жүрегі,
Пайда мен мақтан - тілегі,
Арамға батса білегі,
Жақсыға қайтіп қосылар.
Тамақ үшін тіл жалдап,
Арын сатып елді алдап,
Сауысқанша қылмаңдап,
Әр үйден б... шоқынар.
Бірін-бірі дос десер,
Жауымның алдын төс десер.
Дос қолымен от көсер,
Өзі ап-аман отырар.
Мен де артыңнан барам деп,
Өлтірсе, құныңды алам деп,
Құтылмас менен, бәлем, деп,
Аузымен қоқан-лоқылар.
Тілінде бал, ішінде у,
Көз байлағыш көп жаду.
Жақсы атанып өңкей қу,
Алдап алған досы бар.
Арақты судай сіміріп,
Тілі мен уын жымырып,
Маскүнем мәңгі боп жүріп,
Жауырын жаба тоқынар.
Жүрегі қатып мұз болған,
Майда тілі біз болған.
Қызтеке еді қыз болған
Бейне алдамшы сопылар.
Бар ма маған бір сын деп,
Ұстағаным не дін дегі,
Ойламайды кіммен деп,
Жүрегінде тоты бар.
Қанша жарық нұр құйсам,
Хақиқаттан сыр құйсам,
Өршеленер су құйсам,
Нәпсі деген оты бар.
Күндеп іші қайнайды,
Қызыл тілін қайранды.
Әлі-ақ өзі жайрайды,
Алдында әділ соты бар.
Ашуланып албастың,
Күндемей мені қалмассың,
Тілімді кесіп алмассың,
Ақты айтуға еркі бар.
Алдауыңа сенбейін,
Алысып сені жеңбейін.
Ащы тілмен емдейін,
Жүрегіңнің дерті бар.
Адамды жауға бермеуге,
Жетсе қолды сермеуге,
Қызтекені емдеуге,
Ақылдың қылған серті бар.
Айырам деп жендеттен,
Тазартам деп індеттен,
Құтылам деп міндеттен,
Иманымның беркі бар.
Мен жатырмын оңаша,
Жастанғаным томаша.
Жан шыдамас мұныма,
Жалғыз Әупіш болмаса

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі