Шәкәрім Құдайбердіұлы (Наушеруан аңда жүріп киік атқан)

 Шәкәрім Құдайбердіұлы (Наушеруан аңда жүріп киік атқан)

Наушеруан аңда жүрiп киiк атқан,
Аң етiн жемек болып асып жатқан.
«Ет пiскенше тез кел‚ – деп бiр жолдасын,
Тұз әкел»,– деп жұмсапты бiр қышлақтан.

Қайтадан шақырып ап талай жерден:
«Тұзды тегiн алма»,– деп әмiр берген.
«Шымшым тұз бiр тиынға татымайды,
Бұ қалай?» – деп уәзiрi тұра келген.

Наушеруан айтқан сонда: «Ей, уәзiрiм,
Айтайын, жақсы тыңда мұның сырын.
Басшы алса бiр алманы баға бермей,
Қосшы құртар алманың түп тамырын.

Мен алсам елдiң жалғыз жұмыртқасын,
Кесерсiң мың тауықтың сендер басын.
Сүйте-сүйте ашылып арандарың,
Ағызарсың бұл елдiң қанды жасын».

Жебiр ұлық халқынa қас қылады,
Көңiлiн шерлi, көздерiн жас қылады.
Қиянат қылдай iстен басталмақшы,
Ескермесе, аз науқас асқынады.

Mал, мансап адамзатты маc қылады,
Мейiрiмдi ет-жүрегiн тас қылады.
Тәкаббар, әдiлетсiз залымдарды
Бағы қайтқан сорлы елге бас қылады.

Шын атын Наушеруанның ел бiлмейдi,
Тiлi келмей «Мұcырауын әдiл» дейдi.
Ақжүрек әдiлдердiң қылығы анау,
Жебiр ұлық зарлатып елдi жейдi.

Мұны айтсаң, алатындай тiлдi кесiп,
Мақтанады менен кiм әдiл десiп.
Теңдiктiң атын естiп, дәмiн татпай,
Өтемiз де жүректi қайғы тесiп

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!