Өлең: Мұхтар Шаханов (Махаббат елі)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Махаббат елі)



Дарқан тағдыр сені маған жолықтырды қайдан
Өміріме нұрлы көктем болып кірдің, айнам.
Бір сәтке де босай алмай өзің жайлы ойдан,
Жүрегімде басталды бір майдан.
Қайырмасы:
Перзентісің, гүлім,
Махамбеттің жырын
Тудырған ұлы өлкенің.
Аямашы құрбыңнан, көркемім,
Жүрегіңнің бар нұрын.
Жанарыңда сенің,
Жатыр екен менің
Тағдырым.
Біздің жастық шағымыздай қанатын кең жайып
Барады ағып бабамыздың ерке өзені - Жайық.
Өр теңізге бағыт ұстап жағада тұр кеме,
Кешігем деп ойламайсың, неге?
Оңайлықпен асу бермес қырқасы мен белі
Ту алыста қолын бұлғап тұр махаббат елі.
Желкеніңді пенделіктің билемесін желі,
Бір жоғалтсаң таба алмайсың мені


Комментарии для сайта Cackle