Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Істеген ісім кетті далаға)

Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Істеген ісім кетті далаға)



Істеген ісім кетті далаға,
Қашан өтіп шығам деп,
Қайғырамын мен-дағы
Жайықтан арғы далаға.
Басқа қысым түскен соң,
Қайрылмастай күн болды
Қатын менен балаға.
Барсаң сәлем айта бар
Ата мен анаға.
Жаудан аман жан қалса,
Қара орман малым садаға


Комментарии для сайта Cackle