Махамбет Өтемісұлы (Махамбет батырдың Шернияз шешенге айтқан жұмбағы)

 Махамбет Өтемісұлы (Махамбет батырдың Шернияз шешенге айтқан жұмбағы)

Махамбет батыр Шернияз шешенге қонақ болады. Аттандырып жатып, Шернияз Махамбетке бір ауыз сөз айтады. Сонда Махамбет те Шерниязға жұмбақ өлең айтады. Мұнан соң екеуі жолыға алмапты-мыс. Шернияз: "Батырдың сөзін шеше алмадым, дегенмен өзін айта ма деп ойлаймын", — деген екен-мыс.

Шернияздың сөзі:
Көк үйрек көлде отырған жергілікті,
Ғалымдар шариғаттан жол біліпті.
Жолдасы ер Исатай — ер Махамбет,
Сөз бар ма тыңдай тұғын ескілікті?
Махамбеттің жұмбағы:
Көп қағып дауылпазды көл шайқаған,
Арғымақ бір шапқанда,
Айналасы, алты айшылық жер жайқаған.
Күн бұлт, ай қараңғы, жортар құлжа,
Шернияз, шешен болсаң,
Бұл сөзді жылдам болжа:
Түйіліп таң мезгілі, мұнар шалып,
Төрт лашын бір сұңқарды ортаға алып, қылған олжа.
Он бүркіт, отыз аққу көлде жатқан,
Лашын қанат қақпай дәмін татқан.
Телегей теңіз тасып шамданғанда,
Жемсау құс тұғырдағы қайда жатқан?
Хат жаздым, қалам тартып, қыл ұзар деп.
Тар жерде сөйле дедің, бол әзір деп.
Осыдан өзім қайтып келгенімше,
Би Шернияз, жауабын бұ сөзімнің қой әзірлеп

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?