Қазақша шығарма: Қош келдің көктем!

Қазақша шығарма: Қош келдің көктем!



Кереуетте ойсыз жата берер ем... Мұңымды да ашпас ем... Махаббат деп тіл де қатпаймын... Сағыныш деп шарқ ұрмаймын... Мендегі мезгілсіз мезеттерді сенің әсем күлкіңнен құрылған ноталар бөлгенін білемін, жүрегімдегі ең әдемі сұлулықты көзіммен көргенім "Сені көргенім" екен ғой...

... Қош келдің, Көктем!!! Қыстың мені ұната бермейтінін білетін едің, мен де оған ғашық болмадым... Сағынышым үстемеленіп сені күттім!!! Сенің мейірімің, жылулығың мен күн шуағың еді ғой қанша жүректің аңсағаны... Сен соларға қайырлы болшы!!! Армандарды орындап, жүректерді жалғашы...

Ол да... маған жетуі үшін қолында бәйшешектің болғанын қалаған шығар, жер ана жібіген сәтте жүрегін жібіткісі келген шығар, бәлкім, күнге жұлдызды түнмен, яки жұлдызды түнге көңілді күнмен жеткісі келді ме екен? ... Көктем көңілдің тез кешірер уақытын орайлады ма екен? Бәрі өзіңе аян...

Оның мені ойлағаны, менің барымның есте болғаны... Еркелігіме күле қарайтыны, қылығымды ұнатқаны... Жылы жүз танытқаны, көңілімді баққаны... Үміт күтетіні, үмітіне жалғағаны...

Есінде болсам, қылығымды ұнатса, көңілімді бақса, үмітіне жалғаса Жүрегінде болғаным емес пе? Айтшы, Көктем!!!! Солай ғой???.....

Дереккөзі: massaget.kz


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle