» KZ » Білім » Өлеңдер жинағы » Өлең: Қадыр Мырза Али (Көктебель және Волошин зираты)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Көктебель және Волошин зираты)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Көктебель және Волошин зираты) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Көктебель және Волошин зираты) на казахском языке
Қазына емес, сұлулықпен бай халық
Кете алмайды, осы араға байланып.
Дара тау боп қол бұлғайды Қара тау,
Сағынышы сары алтынға айналып.
Көкжиекке жетем десең сен егер,
Көк мұнарға сіңеді аппақ кемелер.
Келіншектің ақ төсіндей алқалы
Кеудесіне жүзім таққан төбелер.
Анау бұғаз, жағажайда сол шағын
Қара терге түсіреді монша-құм.
Ертегі-ару аңыз-epгe еркелеп,
Осы араға шашып алған моншағын.
Қыбын тапсаң Көктебельге барудың,
Құяңыңа,
Қиялыңа дару күн.
Үлбіреген ақша бұлты көктегі
Үкісіндей әлгі ертегі-арудың.
Болмағанмен жолбарыс жон, ала шың,
Бұл Қара тау ой өрісі дала үшін.
Керемет бір көзімен суретшінің
Көктебельді ашқан ақын Волошин.
Бұл жер үшін мақтануға қақың бар.
Өнерлестер ойымды осы мақұлдар:
Көктебельдің Веспуччиі — Волошин,
Сұлулықтың Колумбысы— ақындар!

II
Өткенменен өмірден
Бір жан асыл
Бірте-бірте жазылмақ жыр жарасы.
Бекітілген жүзікке қызыл тастай
Бір биікке бір зират тұр жарасып.
Түу биікте қол бұлғап шақыратын,
Мойындатып уақытқа ақыры атын.
Құлпытас боп,
Қадірлі қабір болып,
Құла төбе басында жатыр ақын.
Жүзген сеңдей
Аспанда бұлт аққанда
Жарасады өлеңге гүл таққан да.
Ешкім саған ештеңе істей алмас
Даңқ пенен Табиғат тіл тапқанда.
Табиғатқа батқан ғой қаза мықтап,
Дөңбекшиді көк теңіз бозамықта.
Жатыр ақын басында тау-төбенің,
Өз биігін, өзге емес, өзі анықтап.
Өлең сөзге қашанда бас иетін
Оқырман-ай, бар-ау бір қасиетің.
Ырзамын мен өзіңе
Орындаған
Ақыныңның өтініш-өсиетін.
Жатыр енді ол кеудесін желмен қағып,
Тіріде алмай бағасын, өлгенде алып.
Қабіріне ақынның —
Қия жонға —
Қара тер боп шығады келген халық.
Зират емес —
Ол да бір мұра дер ем.
Ой-биікке шалдығып шығады әрең.
Анау таудың басына жерле деген
Ақын сөзін түбінде ұғады өрен.
Қай кезде де құрметті төрдей мекен,
Қызығыңды қалайша көрмей кетем?!
Тірісінде асуың алған ақын
Өлген соң да биігін бермейді екен!

nurgul95 | 309 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Мені қабылдауын талап етемін": Орамал тағып, боянып жүретін қазақ жігіті гей ме?
"Мені қабылдауын талап етемін": Орамал тағып, боянып жүретін қазақ жігіті гей ме?
"Бізден артық ойлайды": Төреғали Әбдіжаппар Әлқожаны жер-көкке сыйғызбай мақтады
"Бізден артық ойлайды": Төреғали Әбдіжаппар Әлқожаны жер-көкке сыйғызбай мақтады
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Өлең: Қадыр Мырза Али (Әсірелеу)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Әсірелеу)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Сенбесеңіз)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Сенбесеңіз)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Аға берсін жанардан жас бастан қан)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Аға берсін жанардан жас бастан қан)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Дала дастарханы)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Дала дастарханы)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Қазына)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Қазына)
Қазақша өлең: Бақыт Бұқарбек (Қарлығаш)
Қазақша өлең: Бақыт Бұқарбек (Қарлығаш)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Қыс)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Қыс)
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Жаңбыр)
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Жаңбыр)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Шаштараз)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Шаштараз)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Дүріл мен діріл)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Дүріл мен діріл)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Қаздар қайтқанда)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Қаздар қайтқанда)
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Ана)
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Ана)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Ата-ана және тұрмысқа шыққан қыз)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Ата-ана және тұрмысқа шыққан қыз)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Батпақ)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Батпақ)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Ей жас жігіт)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Ей жас жігіт)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Суға барған сұлулар)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Суға барған сұлулар)

KZ / Білім / Өлеңдер жинағы, қадыр мырза али Көктебель және Волошин зираты өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Көктебель және Волошин зираты, қадыр мырза али Көктебель және Волошин зираты өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша қадыр мырза али өлеңдері кадыр мырза али олендери кадыр мырза али стихи на казахском Көктебель және Волошин зираты, Өлең: Қадыр Мырза Али (Көктебель және Волошин зираты) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

Прокомментировать
9*9=