ZHARAR | KZ | Кеңестер | Денсаулыққа пайдалы кеңестер | Коронавирус туралы не білу керек?

Коронавирус туралы не білу керек?

Коронавирус туралы не білу керек?
Қытайдың Ухан қаласынан басталып, әлемнің 13 еліне таралып кеткен коронавирус туралы қандай ақпарат бар.

Вирус туралы не білеміз?

- 2019-nCoV вирусы – осыған дейін адамдар арасында таралмаған коронавирустер тобының бір түрі.
- Коронавирус – вирустар тобына 38 түрлі вирус кіреді. Осыған дейін олардың тек 6-ы (жаңа вирусты қосқанда 7-і) адамдар арасында тараған.
- Мамандардың айтуынша, осыған дейін вирус жануардан адамға жұқса, енді жетіліп, адамнан адамға жұғатын болған.
- Ауру белгілері: жоғары температура, құрғақ жөтел, тыныс алу қиындайды.
- Дәрігерлер жануарлардан алшақ болуға, шикі піскен ет пен жұмыртқаны тұтынбауға, тұмау белгілері бар адамдардан алшақ болуға кеңес береді.
- Вирус толыққанды зерттелмеген. Ол туралы ақпарат аз. Бір анығы ол адамдарға жануарлардан берілген.
- Коронавирустың тағы бір түрі 2002 жылы 774 адамның өмірін әкеткен. Ол кездегі вирус SARS деп аталған. Жаңа таралған 2019-nCoV вирусының
- ДНК анализі сол вирусқа жақын екендігі анықталған. Ол кезде Азия елдерінде 8098 адам осы дертке шалдыққан.

Коронавирус туралы не білу керек?


Қалай таралды?

- Вирус алдымен Қытайдың Ухан қаласындағы көтерме базарда тіркелген. Коронавирусты тасымалдаушылар қатарында осы базарда сатылған ет өнімдері болған. Мәселен, онда ақ киттің, тауықтың, жарқанаттың, қоян мен жыланның еті сатылған. Вирус осы тіршілік иелерінің бірінен таралған болуы мүмкін.
- Вирустың әлемге таралу себебі, біріншіден, алдыңғы аптада Ай күнтізбесі бойынша Қытай жаңа жылы келіп, әлемнің әр түкпіріндегі миллиондаған қытайлық өз туыстарына қонаққа барған. Жолаушылардың ары-бері қатынауы әсерінен ел басшылығы вирустың таралуын тоқтата алмауы мүмкін деген қауіп те бар.
- Ухан – Қытайдың траснпорттық орталықтарының бірі. Сондықтан мұнда келетін жолаушылар саны өте көп. Үш апта бұрын жергілікті билік әуежай, теміржол және автовокзалдар да жолаушылардың дене температурасын өлшейтін құралдар орнатты. Температурасы жоғары адамдарды бірден ауруханаға жібереді. Алайда қызу түсіретін таблеткаларда ішіп, елден шығып кеткендер де болған.
- Ауруға шалдыққандар арасында бірнеше медицина қызметкерлері де бар. Олар осы вируспен келген пациенттерді қабылдаған.



Қазақстанға қандай қауіп бар?

- Қазақстан Қытаймен шекаралас болғандықтан бұл вирустың қаупі бізге де төніп тұр.
- Осы жағдайға байланысты Қазақстан-Қытай «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы мен Қытаймен шектесетін мемлекеттік шекара бойындағы барлық өткізу бекеттері – «Бақты», «Майқапшағай», «Достық–Алашанкоу», «Қалжат» жабылды.
- Жұма күні Алматы және Талдықорған қалаларында вирусы бар адамды қабылдауға арналған арнайы оқу-жаттығу шаралары өтті.
- «Air Astana» Қытайдан Қазақстанға орындауы тиіс болған барлық туристік топтардың сапарларынан бас тартты.
- Әзірге коронавирус қаупі анық төніп тұрған қазақстандықтар деп сол елде оқып жатқан студенттерімізді ғана айта аламыз. Kazakhstan Students Association in China (KSAC) студенттік ассоциациясының мәліметінше, Уханда қазақстандық 300 студент білім алады. Алайда қазір қалада 98 студентіміз қалып қойды. Оларға қаладан шығуға тыйым салынған.

Вирус туралы таралған жалған ақпараттар:

- Әлеуметтік желілер мен Whatsapp арқылы вирус Қазақстанға жетті, Алматыда бір адам ауырып жатыр деген ақпарат тарады. Қазақстанның - - Денсаулық сақтау министрлігі ақпараттың жалған екенін ескертті.
- Дәл осы Whatsapp арқылы вирус банан және цитрустық өнімдерден жұғып жатыр деген ақпарат тарады. Бұл ақпараттың да жалған екенін ескертеміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың адамнан, жануарлар мен құстардан және олардың өнімдерінен(ет, жұмыртқа) ғана таралатынын ескерткен.
- Вирустан қайтыс болғандардың денесін өртеп жатыр деген дерек тараған. Бұл ақпарат та шындыққа жанаспайды.
Денсаулық сақтау министрлігі тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және ақпаратты таратпас бұрын тексеруді сұрайды.



Қауіпсіздік шаралары

- Қытай билігі қазір вирустың таралып кетпеуін қамтамасыз етіп жатыр. Осы мақсатта Хубэй провинциясындағы 18 қала карантинге жабылды. Ол қалаларда барлығы - 56 миллион адам тұрады.
- Әлемнің барлық елдері(оның ішінде – Қазақстанда) әуежайларына тепловизер орнатты. Онда әсіресе Қытайдан келген адамдар жіті тексеріліп жатыр.
- Қытайда және әлемдегі қытай диаспораларында дәстүрлі жаңа жыл мерекесін тойлау шегеріліп немесе тоқтатылып жатыр. Бұл адамдардың көшеге көп шықпауына ықпал етеді.
- Уханда шұғыл түрде осы вируспен күресуге арналған арнайы аурухана құрылысы басталды. Жоспар бойынша ақпан айында қолданысқа берілуі керек.
- Қытайда және оған кіретін елдерде туристік орталықтар уақытша жабылуда. Олардың қатарында Шанхай мен Гонконгтегі Диснейленд те бар.
- Қытайда, Оңтүстік Кореяда және АҚШ-та вирусқа қарсы вакцияна жасау жұмыстары басталды. Алайда вакцинаның қай уақытта дайын болатыны белгісіз.

Ескерту! Егер қызуыңыз көтеріліп, құрғақ жөтелсеңіз, тыныс алуыңыз қиындап, кеуде тұсыңыз ауырса, дереу маска киіп, 103-ке хабарласыңыз. Вирусқа қатысты қосымша ақпарат алу үшін 1406 немесе +7 (7172) 76 80 43 нөмірлеріне хабарласуға болады.

- 2019 жылдың желтоқсанынан бастап Қытайда белгісіз коронавирустың таралуынан кейін ел билігі Хубэй провинциясындағы бірнеше қаланы жапты. Бірінші болып вирус тараған 11 миллионнан астам тұрғыны бар Ухан қаласы жабылды.

- Карантин жарияланған қалалар арасында Чиби (534 мың адам), Эчжоу (1,08 миллион адам), Хуанган (7,5 миллион адам), Сяньтао (1,6 миллион адам), Чжицзян (550 мың адам), Цяньцзян (963 мың адам), Хуанши (2,7 миллион адам), Эньши (809 мың адам) мен Сяньнин (2,5 миллион адам) бар.

- Соңғы ақпарат бойынша Қытайда коронавирустан 80 адам көз жұмып, вирусты 2000-нан астам адам жұқтырған.

- Вирус басқа елдерге де жетті: Гонконг, Тайланд, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайвань, АҚШ, Сингапур, Вьетнам және Аустралия.

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
ZHARAR - Сегодня, 00:26
Әруақтарға құран бағыштау үлгісі  🕋 (мәтін, видео)

керемет құран бағыштау әдебі жарияланған

ш - Вчера, 21:37
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Әдебиеттік оқу (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Қарлығаш - Вчера, 20:49
Отан, Туған жер, Қазақстан

Нұрзия

Ұлдықыз - Вчера, 20:24
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Жауаптары жоқ па

Гость Аяулым - Вчера, 20:13
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

5 класс информатика сор одветы

Гость Назым - Вчера, 19:30
Анашым, мама

Мама сен алтынсын, Гүл боп жайқалып. Әрқашан күліп жүріңіз анашым!

Әсетқызы Нұрай - Вчера, 18:41
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Сурете беинеленген үдіресі қалаи аталады

Әсетқызы нұрай - Вчера, 18:39
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Сурете беинеленген үдіресі қалай аталады

Оааотаоа - Вчера, 17:21
Мен ҚАЗАҚ деген ел едім!

Маған ұнады

Нұрхан - Вчера, 16:41
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Тжб казастан тарих