Өлең: Қалижан Бекқожин (Сиқырланба алдымда)

Өлең: Қалижан Бекқожин (Сиқырланба алдымда)



Сиқырланба алдымда
Аулақ менен сұлулар.
Мені күткен ауылымда
Сүйіктім бар, жарым бар.
Жүрек отын сол алған
Сақтап отыр ол үйде.
Жақындама сен маған
Мен оныкі, сен тиме.
Соның оты жанымда,
Жүрегім жоқ суынар.
Сиқырланба алдымда
Аулақ менен сұлулар


Комментарии для сайта Cackle