Өлең: Қадыр Мырза Али (Саққұлақ)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Саққұлақ)



Күшігім бар.
Күшігім
Кереметтей саққұлақ.
Күзетіп үй есігін
Көңілді жүр шапқылап.
Құмары бір қанады
Құрбыларым келгенде.
Бірден танып қалады
Бөгде жанды кергенде.
Үріп тұрып жөнімен,
Қызық оның қашқаны.
Қорқып үріп,
Сонымен
Қорқытады ол басқаны!


Комментарии для сайта Cackle