Өлең: Қадыр Мырза Али (Бұлт)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Бұлт)



Жалбыр-жалбыр жүні ұзын
Жабағыдай
Жөңкіген бұлт көк жүзін
Жабады ұдай.
Тұрамыз,
Өтеді деп
Нұр селдетіп.
Қаламыз,
Кетеді тек
Құр желдетіп.
Шөлдеткенде алтын күн
Егістікті,
Жауа алмаған бұлтыңның
Несі мықты!!!


Комментарии для сайта Cackle