» KZ » Білім » Өлеңдер жинағы » Өлең: Қадыр Мырза Али (Қираған құлпытастар)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қираған құлпытастар)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қираған құлпытастар) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Қираған құлпытастар) на казахском языке
Кімді аяйды есіргендер,
Қызғаңдар?! -
Қасиетті ұғымдарды сызғандар?
Бәрін, бәрін,
Барлығын да бұзады
Бақилардың тыныштығын бұзғандар!
Мұның өзі қиял ма, әлде елес пе?
Ескерткіштер қирап жатыр дөңесте.
Құлпытасқа қол көтеру, қарағым,
Аруақтарға дүре соғу емес пе?
Жи, бауырым,
Жи, бауырым, есіңді!
Жауыздыққа куә болды өсімдік.
Табытынан суырып ап аруақты
Тепкіледі деген осы!
Не сұмдық!
Тәнті болған елді билеп-төстеуге
Тиранның да аузы бармас "хош!" деуге.
Бауырым-ау, қорлау үшін адамды
Бұдан басқа болады енді не істеуге?!
Менің өзім бұған күдік келтірмен:
Жаза болып жарытпайды сол түрмең.
Қалай солай өлтіреді тіріні
Бір өлгенді екінші рет өлтірген!
Қирап жатқан ескерткіштер көп тегі,
Қарағым-ай, қарғауға сөз жетпеді!
Құлпытасқа түскен сызат,
Жарқыншақ -
Шапалақтың таңбасындай беттегі!
Кімді аяйды есіргендер, Қызғандар?!
Ар-ожданын тумай жатып сызғандар?
Бәрін, бәрін,
Барлығын да бұзады
Бақилардың тыныштығын бұзғандар!

nurgul95 | 282 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Мені қабылдауын талап етемін": Орамал тағып, боянып жүретін қазақ жігіті гей ме?
"Мені қабылдауын талап етемін": Орамал тағып, боянып жүретін қазақ жігіті гей ме?
"Бізден артық ойлайды": Төреғали Әбдіжаппар Әлқожаны жер-көкке сыйғызбай мақтады
"Бізден артық ойлайды": Төреғали Әбдіжаппар Әлқожаны жер-көкке сыйғызбай мақтады
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Өлең: Қадыр Мырза Али (Бас пен Тарақ)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Бас пен Тарақ)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Халық)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Халық)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Өзіңді тану — өзгені тану)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Өзіңді тану — өзгені тану)
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Бір үзім нан)
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Бір үзім нан)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Аяз би)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Аяз би)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Көктем түгіл)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Көктем түгіл)
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Ана тілің – арың бұл)
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Ана тілің – арың бұл)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Бөпем)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Бөпем)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Жарқыншақ түспеу үшін жыр бетіне)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Жарқыншақ түспеу үшін жыр бетіне)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Мініп жүріп тірліктің қызыл атын)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Мініп жүріп тірліктің қызыл атын)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Қармақтай боп қадалған желбезекке)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Қармақтай боп қадалған желбезекке)
Өлең: Қадыр Мырза Әли (Домбыра мен бесік)
Өлең: Қадыр Мырза Әли (Домбыра мен бесік)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ей, Бауырым!)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ей, Бауырым!)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Тілектеске)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Тілектеске)
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Мұрат-мүдде пернесі)
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Мұрат-мүдде пернесі)
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Замана)
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Замана)

KZ / Білім / Өлеңдер жинағы, қадыр мырза али Қираған құлпытастар өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Қираған құлпытастар, қадыр мырза али Қираған құлпытастар өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша қадыр мырза али өлеңдері кадыр мырза али олендери кадыр мырза али стихи на казахском Қираған құлпытастар, Өлең: Қадыр Мырза Али (Қираған құлпытастар) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке