Өлең: Қасым Аманжолов (Қанжар)

Өлең: Қасым Аманжолов (Қанжар)



Серігім әрі жарқын, әрі ызғарлы,
Сүйемін асыл болат бұл қанжарды;
Кекке арнап ойшыл грузин соққан сені,
Қайраған еркін черкес бір қаһарлы,
Сыйлаған сені маған бір сал білек,
Қоштасып аттанарда ал белгі деп,
Қан емес, алғаш сенен сорғалаған —
Маржаны қасіреттің — жас мөлтілдеп.
Қара көз қайғы толы жасы іркілген
Кезінде көкірегіме тік үңілген,—
Жүзіндей сенің асыл от шалынған
Бір сөніп нұр сәулесі, бір тірілген.
Белгісі ең махаббаттың маған серік,
Ілестің жолаушыға, үлгі беріп,
Айнымас жаным менің, болат достым,
Өзіңдей, дәл өзіңдей болар берік


Комментарии для сайта Cackle