Күләш Ахметова (Сарыарқа)

 Күләш Ахметова (Сарыарқа)

Туған ел!
Қайдан сендей жай табылсын?
Ақының асылыңды айта білсін.
Сарыарқа!
Басқа алтынға қызықпаймын,
Сен менің шексіз алтын байтағымсың.
Көріндің маған ыстық өзің бірден,
Мен бұрын Жезқазғанның жезін білгем.
Мезгілге рақмет жер танытып,
Өзімді еркін, ерке сезіндірген.
Жан дала! Дәстүрің бар ел сақтаған,
Інжу мен маржаныңды көрсет маған!
Елімнің өнер қонған бесігіне
Өлеңмен тізілдіріп моншақтағам!
Жүректе жататын ең атың ұнап,
Көрудің бүгін түсті сәті бірақ.
Кеңдігің бақыт дейміз,
Көшпелі елің
тар болсаң, тұрар ма еді татуырақ ...
Қайтейін, қозғамайын өткеніңді,
Шештім ғой бүгін түйе шекпенімді.
Тоқтатып жолдастарды тұрдым біраз,
Иіскеп жол бойы ескен шөптеріңді.
Жақсыңды іздестіріп, сұрастырғам,
Талантқа біздің дәуір гүл аштырған,
Замандар заңғарынан ән дарыған
Өлке бұл Әсет туған, Күләш туған.
Ақтоғай, жер екенсің ақ түсі көп.
Ақша бұлт аспаныңда бақ құсы боп —
Сызылған ракетаның белдеу ізін —
Қалқиды қанатымен жапқысы кеп.
Жоқ менде оңаша арман, оңаша мұң,
Жер — ошақ, аман болсын сол ошағым.
Кең далам, ойлантады кешегің мен
Бүгінің, әсіресе болашағың.
Батады, мұңың болса, ботаңа тым,
Ботаңмын ардақтаған Отан атын.
Бабамның жаны болған, әні болған,
Сарыарқа, мақтанышым, махаббатым!
Сарыарқам, жазық арқам, жарқын арқам,
Әлемде бөлек сенің даңқың, арқам.
Байтағым, байғазым деп көргеніме,
Өлеңім — тағып кеткен алтын алқам!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!