Өлең: Жамбыл Жабаев (Сырттанға)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Сырттанға)

Қыдыралы, Құлшаннан
Құлаш ұрған Сырттаным.
Жерді болжап күн шалған
Жүргеніңді ұққамын.
Қыдыралы, Есімбек,
Эрентальды сабаған.
Ер туған ұл десін деп
Бір кәдеге жараған!..
Маманыңның өрені
Тыйын-тебен санаған.
Құтылғалы кетіпсің
Солар жапқан жаладан.
Енді ниет етіпсің
Кім кірмеген қаладан.
Сендей қазақ аз шығар
Үміт қылған баладан.
Екі балаң жетілсе
Құтыларсың табадан.
Дәметемін жетімше
Сендей білгір ағадан

0 0


Комментарии для сайта Cackle