Өлең: Жамбыл Жабаев (Әке әзілі)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Әке әзілі)



Сойған түлкі секілді
Сатышым жүр ырсыйған.
Тұрабымның тұрпаты —
Бұқашадай тырсыйған.
Аққулыға қарасам —
Ішін алған торанғы*8
Қызық көріп балаша
Отырамын соларды.
Жау-жапырақ секілді
Жартыбай жүр қаудырлап.
Мазамды да кетірді
Сөз сөйлесе саудырлап...
Құйымшағы бүріскен
Нағашыбек ешкідей.
Жымың-жымың күліспен
Жүре беред естімей.
Бәрі маған аян ғой,
Айта берсем тағы да.
Бірақ өліп қалам ғой
Мен солардың «бағына»


Комментарии для сайта Cackle