Жамбыл Жабаев (Ата жаумен айқастық)

 Жамбыл Жабаев (Ата жаумен айқастық)

Асқар таудай еліме
Байтақ жатқан жеріме
Шапты фашист дегенде:
Ашуменен аралас
Қыр да келді көмейге,
Қаһар қаулап денемде!
Көз жібердім мен де елге:
Сонда елімнің түрінен
Тастай болып түйілген —
Қаһармандық аңғардым,
Жау сазайын бергенге!
Жау тиді деп саспастан,
Аяқтарын нық басқан
Айбатынан көресің
Аспанмен күші астасқан!
Құйған құрыш тәрізді
Тұлғасында күшті ызғар
Батырлықпен ұштасқан.
Көз жібердім сонда мен,
Жүрегіне елімнің,
Кремльді болжап ем:
Қуат құйған бойыма,
Шырақ жаққан ойыма
Келбетін көрдім ерімнің.
II
Бахытты елге бел болып,
Батырларға дем болып,
Тұрқын болжап тарихтың,
Таразылап заманды
Қасында тұр Лениннің:
Осы тұрған ұлы адам —
Халық бағын ойлаған,
Данышпаным Сталин
Шам-шырағы өмірдің,
Жүрегіндей өзінің
Көріп дама тұр еді
Өзі орнатқан өмірін.
Жеткізген адам бұл халға
Жау түгіл шыбын қонғанға
Қыяр ма Отан өңірін!
Сол тұлғасы елестеп,
Аялған жан жолыңнан
Адамдық жан емес деп,
Толқып бір кетті-ау көңілім!
III
Сен шақырсақ көсемім,
Әмірің ортақ маған да,
Төгіп жырдың нөсерін
Домбырамды алам да,
Айналам жас — нөкерім,
Мен де барам, қалам ба!
Қорғауға елді кім шықпас,
Аттанды қала, далам да.
Кәрі дүние килікті
Жайнаған біздің заманға.
Адырға шығар деген бар
Асыққан аң адалға!
Ата жаумен айқастық
Майдандасқан алаңда!
Қаһарланып аттандық!
Қаусаған кәрі дүниеден
Енді тамтық қалар ма!
Олар фашист — сұр жылан.
Уын шашқан адамға!
Денеге уын дарытпай,
Жаныштап басын жыланның
Салайық, халқым табанға!
Ондай мерез ордасы
Қалмасын тіпті ғаламда!
Жас өмірдің жайқалған
Жұлғызбай жалғыз жапырағын,
Жайпайық деп жауларды
Жар салды жырау жаранға!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі