» KZ » Білім » Өлеңдер жинағы » Өлең: Жамбыл Жабаев (Чапай)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Чапай)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Чапай) казакша Өлең: Жамбыл Жабаев (Чапай) на казахском языке
Еділ, Жайық үстінде,
Торлаған қара бұлтты
Серпу үшін күшіне
Түсіп Чапай жорытты.
Патшаның торын қырқуға,
Жандаралды құртуға,
Халық үшін жан қыйып,
Түсті сыпыра жортуға.
Астына мініп ақ атты,
Қолына алды болатты:
Қылышын қанға боята,
Найзасын тасқа қайрата,
Жауының қанын жосылтып,
Тасқын судай бората.
Алғыр алмас сапысын
Күміс қыннан суырды.
Жауының алып апшысын,
Жаубүйректей *5 қуырды.
Орыс, қазақ, башқұрттан
Сарбаздары жиылды,
Чапаев бастап майданға
Ақбоз атпен тигенде,
Қыран құстай шүйілді.
Ворошиловтай беренді,
Буденный батыр өренді
Көргенде Чапай жарқылдап,
Күшіне еніп дендеді.
Сталиннен мандат aп,
Жауына қылыш сермеді.
Астына мінген ақбоз ат
Орғып өрге өрледі! *
Лашын құстай саңқылдап,
Жапыра жауға тигенде
Оңды, солды түйреді.
Еділ, Жайық суына
Жауын қойдай тоғытып,
Ор текедей орғытып,
Жауды жеңбей тынбады,
Ол майданға тигенде,
Еділ, Жайық толқыны
Қан толқын боп тулады.
Жау түгіл, ер мүсіннен,
Ер Чапайдың күшінен,
Шошып батыр түсінен,
Күміс өзен үстінен
Торлаған қара бұлт қашты.
Жау жеңіліп, бұлт қашып —
Көгінен күн нұр шашып
Бахыты үшін халықтың
Қуанған дауыс ұласты.
Жүргенде жауды жапыра
Қайран Чапай қапыда
Бостандық үшін талпына
Жау қолынан оққа ұшты.
Оққа ұшып жатса да
Түспеді қолдан қылышы,
Жайыққа Чапай ақсада,
Жоғалмады ұлы ісі.
Чапайдың қалған серігі,
Қызыл қыран көрігі,
Аспан астында аңқылдап,
Қылышы қолда жарқылдап,
Қызыл тудың астында;
Ұсап миллион тасқынға
Жеңді жауды жұмыла,
Қанынан тамған Чапайдың
Әр тамшысы Еділге,
Алтын алап егінге
Hұp тамшы боп төгіле,
Оған өскен әрбір дән
Жауға оқ боп көріне,
Беттей алмай енді жау
Еділдің тамшы суына;
Чапаевтай талай ер
Өсіп, өніп туыла.
Болаттан түскен сынына,
Дұшпан қарсы келе алмайд
Халықтың батыр ұлына,
Сталиндей күнімнен
Құйылды жерге шұғыла.
Тоқсан жасқа толғанда,
Туған жерін шолғанда,
Қайта туған қарт Жамбыл,
Домбыраны қолға алып,
Бұлбұлдайын толғанып,
Ер Чапайды ойға алып,
Қуана қосты жырына

nurgul95 | 278 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Мені қабылдауын талап етемін": Орамал тағып, боянып жүретін қазақ жігіті гей ме?
"Мені қабылдауын талап етемін": Орамал тағып, боянып жүретін қазақ жігіті гей ме?
"Бізден артық ойлайды": Төреғали Әбдіжаппар Әлқожаны жер-көкке сыйғызбай мақтады
"Бізден артық ойлайды": Төреғали Әбдіжаппар Әлқожаны жер-көкке сыйғызбай мақтады
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Еділ, Жайық - екі өзен)
Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Еділ, Жайық - екі өзен)
Қазақша өлең: Асан қайғы (Еділ бол да, Жайық бол)
Қазақша өлең: Асан қайғы (Еділ бол да, Жайық бол)
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Сәт сайланарда)
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Сәт сайланарда)
Қазақша өлең: Жәркен Бөдешұлы (Соңғы батыр)
Қазақша өлең: Жәркен Бөдешұлы (Соңғы батыр)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Мыржыға)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Мыржыға)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Біздің Киров)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Біздің Киров)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Майданға хат)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Майданға хат)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Испандық туысқандарға)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Испандық туысқандарға)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жеңіс жыры)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жеңіс жыры)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жеңіс жырын сайраңдар!)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жеңіс жырын сайраңдар!)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Ақындарға арнау)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Ақындарға арнау)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Кеңес жауынгерлеріне)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Кеңес жауынгерлеріне)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Клим батыр)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Клим батыр)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Кеңес гвардеецтеріне)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Кеңес гвардеецтеріне)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Біздің дәуірдің батырлары)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Біздің дәуірдің батырлары)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Еділ жағасында)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Еділ жағасында)

KZ / Білім / Өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев Чапай өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Чапай, жамбыл жабаев Чапай өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша жамбыл жабаев өлеңдері жамбыл жабаев олендери жамбыл жабаев стихи на казахском Чапай, Өлең: Жамбыл Жабаев (Чапай) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке