Өлең: Жамбыл Жабаев (Өлеңші Омарға)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Өлеңші Омарға)



Жағынба байға босқа, Омар ақын,
Байлардан саған мынау кедей жақын.
Енеңді мықтап мырза бір боқтайды,
Берерде қойға қоңыр шолақ атын.

Тек отыр, меніменен айтыспай-ақ,
Жетеді саған ақын некен-саяқ.
Үрпиіп, жүні түскен коңыр қаздай,
Соғуға қанатыммен тұрмын аяп!


Комментарии для сайта Cackle