Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Жанботаға тағы бір айтқаны)

Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Жанботаға тағы бір айтқаны)

Бұрынғының биіндей би қалмады,
Бүгінгінің биінде ми қалмады.
Хатым — құран болмаса молдалардан,
Өлікке тамнан басқа сый қалмады.
Бұрынғының билері тамам болды,
Ендігінің билері жаман болды.
Арғымақтың аяғын арқан шалып,
Есек озып бәйге алған заман болды



Комментарии для сайта Cackle