Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Керкекіл)

Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Керкекіл)



Астымда Керкекілім бұлаңдайды,
Сұлу қыз кербезденіп сылаңдайды.
Ауылын сүйген жардың іздеп бармай,
Көңілім еш уақытта тына алмайды.
Жадағай-жайсыз жерден жүре алмаймын.
Жадырап сенсіз жерде күле алмаймын.
Жасымнан ғашық болып сүйген сәулем,
Басқаны бір өзіңнен біле алмаймын!


Комментарии для сайта Cackle