Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Қандай екен сүйіктіңнің жанары)

Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Қандай екен сүйіктіңнің жанары)



Келісті екен, келісті екен ғашығың.
Айтып жібер біз де естиік, аты кім?
Білем шашын, білем қасын, көзін де,
Бірақ, атын әлі білмен өзім де.
- Қандай екен сүйіктіңнің жанары?
- Бір қараса соғар жаздың самалы.
- Қандай екен кескіні мен мінезі?
Көктем болып жадыратар бір өзі.
Келісті екен, келісті екен ғашығың.
Айтып жібер біз де естиік, аты кім?
Білем шашын, білем қасын, көзін де,
Бірақ, атын әлі білмен өзім де


Комментарии для сайта Cackle