Әбіш Кекілбайұлы (Қасымға)

 Әбіш Кекілбайұлы (Қасымға)

Ақынның өшті әр демі
Жаныңның сырын бүкпеген,
Бітіпті тірлік сөйлемі
Өлім деген нүктемен.
Тапсырып жерге денені,
Артына дастан сыйлапты.
Қағазға сыйған өлеңі
Қара жерге сыймапты.

Таппаған жолда аялдап бір күн тыным,
Өмірде бір салт атты жүргіншімін.
Қақтаса қырдың күні маңдайымнан
Жамылам көлеңкесін қыр бұлтының.
Төбемнен қыр қарайды , ай қарайды,
Бірауық қырдың желі аймалайды.
Бірауық тентіреген құйын соғып
Үстімде бұрқыраған шаң қалмайды.
Жол бойы біреу көріп сүйсінеді,
Бәз біреу мені көрсе күрсінеді.
Көп адам ақыл айтып, жөн сілтесе,
Артымнан кей ауылдың иті үреді

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!