Балаға математиканы үйретудің 10 оңай әдісі

Балаға математиканы үйретудің 10 оңай әдісі

Үстелдегі кәмпиттер

Мұндай математика әр балаға ұнайды. Алдын ала бірнеше дөңгелек пен қанша дөңгелек салынғаны жазылған парақ дайындап қойыңыз. Кәмпиттерді балаға ұнайтын кез келген тағаммен алмастыруға болады.

Балаға математиканы үйретудің 10 оңай әдісі

Көңілді қысқыштар

Анаң қысқышпен киім іліп жатыр ма? Жоқ, ол бүгін түрлі-түсті қысқыштарды басқа мақсатта алып келді. Балмұздақ таяқшаларына мөлшері әртүрлі алмаларды салыңыз, ал қысқыштарға сандарды жазыңыз. Балаға таяқша мен қысқыштардағы сәйкес мөлшер мен санды табу қызық болады.



Зефирлі математика

Бұл әдіс барлық тәттіқұмарларға ұнайды. Қағаздан үлкен кесе кесіп алыңыз да, ойын тасында қанша сан түссе, сонша зефирді кесеге салыңыз.



Музыкалық үзіліс

Әр клавишаға нақты бір сан белгілеңіз де (стикерлерді пайдалансаңыз болады), балаңызға мысалы 10 санын құрауды ұсыныңыз.



Өз бау-бақшамызды өсірейік

Өз бақшаңды өсіру үшін бізге қажетсіз помпондар көмектеседі. Сонымен қатар қарапайым губкадан жасалған, түрлі түске боялған дөңгелектерді де пайдалануға болады. Ал, қыста бұл помпондармен шыршаны безендіруге болады.



Аз ба, көп пе?

Мектепте «аз ба, көп пе» деп кім басын қатырмады? Көңілді қолтырауын балаға осыны түсінуге көмектеседі.



Аққаланы безендір

Аққаланың бас киімін ауыстырған сайын, бала оған әр кезде жаңа кафтан кигізуі керек болады. Ойынға бәрін дайындау үшін біраз әурелену керек болады, есесіне ұзаққа шыдайды.



Алма бөлшектері

Бөлшектерді меңгеруде алмадан артық ұстаз жоқ! Дәл алма төрттен бірге жақсы бөлінеді, ал кейін академиялық жетістіктер үшін оны жеп қоюға да болады.



Бөлшектер + сағат: рухы мықтыларға

Бөлшек/сағаттарды меңгеріп алғанымен, екінші бөлігінде шатасатындар үшін. Сағатты мысалға келтіре отырып бөлшектерді түсіндіру оңай, ал олардың аясында «үш жарым» мен «бірден ширек кетті» ұғымдары да оңай кетеді.



Секіру

Сандармен танысудың тағы бір амалы. Еденге изолентамен үлкен сандар жазыңыз, ал дәліз жас секіргіш үшін арена болсын. Тәжірибелі оқушылар үшін тапсырманы қиындатуға болады: арифметикалақ мысалдар келтіріп, жауабы сөз емес, секіру саны болсын. Көңілді болатыны сөзсіз!



Бонус: сағат даналығы

Мұндай интерактивті сағаттар балаға сағат пен уақытты меңгеруге көмектеседі, ал қағазды ысыру арқылы біліміңді тексеріп көруге болады. Мұндай сағатты жасағанда, сағат пен минут түстері сағат пен минут тілдерінің түсімен сәйкес болуын қадағалаңыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!