Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қырқа бар)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қырқа бар)

Қырқа бар Алматының шығысында,
Жатыр сонда жақының, туысың да.
Бұл ғаламды місе етпес қайран жүрек,
Қайтіп жатыр аядай қуысында?!
Өмірді кереметтей жыр қылсақ та,
Кейімесек дауаң жоқ бұл бір шақта.
Біраз күн алдандырып, ауыстырар
Адамды бір құрсақтан бір құрсаққа.
Қырқа бар Алатаудың бауырында,
Сонда жатыр жолдасың, бауырың да.
Апыр-ай, келем бе деп тағы мұнда,
Жөнелер қаның тасып тамырыңда.
Еріксіз Алматының қырына бұл,
Келмесіңе болмайды жылына бір.
Келмесіңе қоймайды.
Кеткендердің бірі - әкең, бірі - шешең, бірі - бауыр.
Бәрі жатыр - сырласың, құрдасың да,
Құдай-ау, құрту ушін туғасың да,
Қуанар ем, осы бір қу қырқаға
Бір-ақ рет оралсам бір ғасырда

0 0


Комментарии для сайта Cackle