Мұқағали Мақатаев (Қыстың күні)

 Мұқағали Мақатаев (Қыстың күні)

Күн күлмейді еркінше нұрын шашып,
Дамылсыз көк күмбезін бұлт басып.
Отыр міне қарт анам ойға шомып,
Таянып ұршығына, құты қашып.
Күн шығып, көп кідірмей қайта батқан,
Тұншығып бұлт астында таулар жатқан.
Қар жамылған кең дала, асау өзен
Үстінде көкшіл меруерт мұзы қатқан.
Тәкәппар қыс лебі неткен күшті,
Ақ қырау алыстағы орман үсті.
Иілтіп әлсіз дене жас шыбықты,
Ұлыған долы боран соға түсті.
Ұлпа қар кеше ғана жауып өтті,
Кіршіксіз аққа орап төңіректі.
Жүзіңді бейне сұлу нұрға бөлеп,
Жабысады шытқыл аяз қарып бетті.
Ақша қар көз ұялтып, шағылысып,
Алтынның ұнтағындай жылт-жылт етті.
Ысқырып, аяз зулап кең далада,
Көркіне көз ілеспей қаққан сылаң.
Лебімен уын шашқан айналаға,
Тәрізді ысқырығы зәрлі жылан

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!