» KZ » Білім » Өлеңдер жинағы » Өлең: Абай Құнанбаев (Қайғы шығар ілімнен)

Өлең: Абай Құнанбаев (Қайғы шығар ілімнен)

Өлең: Абай Құнанбаев (Қайғы шығар ілімнен) казакша Өлең: Абай Құнанбаев (Қайғы шығар ілімнен) на казахском языке
Қайғы шығар ілімнен,
Ыза шығар білімнен.
Қайғы мен ыза қысқан соң,
Зар шығады тілімнен.
Қайтіп қызық көремін
Әуре-сарсаң күнімнен?
Қайрылып қарап байқасам,
Ат шаба алмас мінімнен.
Қайғылы, қартаң біздей шал,
Қарай берсең, қайда жоқ?
Есер, есірік болмасаң,
Тіршіліктен пайда жоқ.
Ақыл бітпес дәулетке,
Дәулет бітпес келбетке.
Болымсыз қулық тойымсыз
Болады балаң жөргекте.
Ішімен жау боп, сыртымен
Кім тояр қылған құрметке?
Кеңшілікте туған жоқ
Шықсын деген жел бетке.
Тарлықта қанша тайпалса,
Қадірі болмас, әлбетте.
Сыйласа елің ұлықтап,
Араласаң қызықтап,
Қызық пенен тыныштыққа
Қазақ тұрмас тұрықтап.
Қаңқылдап біреу ән салса,
Біріне бірі жуықтап,
Тебінісіп қамалар,
Тоқтатып болмас сырықтап.
Түзу бол деген кісіге
Түзу келмес ырықтап.
Сырдаң тартып, қашады,
Ұстайсың қайтіп құрықтап?
Ел жайын біліп, қансаңыз,
Айтайын, құлақ салсаңыз:
Кейбіреуі дүрсіп жүр,
Жер тәңірісіп кер мағыз.
Кейбіреуі — зәкүншік,
Оңдырмассып, берсе арыз.
Кейбірі пірге қол берген,
Іші залым, сырты абыз.
Кейбірі қажыға барып жүр,
Болмаса да қаж парыз.
Мұсылмандық ол ойлап,
Өтеген қашан ол қарыз?
Дәулеті жоқ бурыл шаш,
Үйіңе кет, топтан қаш!..
Ағайынның ішінен
Шыға қалса тайталас,
Партия жиып, мал сойса,
Бата оқисың, жейсің бас.
Басалқа сөз сенде жоқ,
Айтқан сөзің „малың шаш".
Итше індет тілемей,
Жат үйіңде, өлсең де аш!
Ойлап-ойлап қарасам,
Осындай шал қайда жоқ?
Қозғау салып қоздырғыш
Кезбе шалдан пайда жоқ

nurgul95 | 2 384 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Мені қабылдауын талап етемін": Орамал тағып, боянып жүретін қазақ жігіті гей ме?
"Мені қабылдауын талап етемін": Орамал тағып, боянып жүретін қазақ жігіті гей ме?
"Бізден артық ойлайды": Төреғали Әбдіжаппар Әлқожаны жер-көкке сыйғызбай мақтады
"Бізден артық ойлайды": Төреғали Әбдіжаппар Әлқожаны жер-көкке сыйғызбай мақтады
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап)
Қазақша өлең: Асан қайғы (Құйрығы жоқ, жалы жоқ)
Қазақша өлең: Асан қайғы (Құйрығы жоқ, жалы жоқ)
Өлең: Абай Құнанбаев (Лай суға май бітпес қой өткенге)
Өлең: Абай Құнанбаев (Лай суға май бітпес қой өткенге)
Өлең: Абай Құнанбаев (Өзіңе сенбе жас ойшыл)
Өлең: Абай Құнанбаев (Өзіңе сенбе жас ойшыл)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек)
Өлең: Абай Құнанбаев (Көкбайға)
Өлең: Абай Құнанбаев (Көкбайға)
Өлең: Абай Құнанбаев (Біреуден біреу артылса)
Өлең: Абай Құнанбаев (Біреуден біреу артылса)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Рахым шалға)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Рахым шалға)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жастықтың оты, қайдасың)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жастықтың оты, қайдасың)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қазақтың жаманы болмас)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қазақтың жаманы болмас)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас)
Қазақша өлең: Бұқар жырау (Айналасын жер тұтқан)
Қазақша өлең: Бұқар жырау (Айналасын жер тұтқан)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Ойға түстім, толғандым)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Ойға түстім, толғандым)
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қызық қандай адамды қыздыратын)
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қызық қандай адамды қыздыратын)
Өлең: Абай Құнанбаев (Кейде есер көңіл құрғырың)
Өлең: Абай Құнанбаев (Кейде есер көңіл құрғырың)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?)

KZ / Білім / Өлеңдер жинағы, абай құнанбаев Қайғы шығар ілімнен өлең олен абай кунанбаев, казакша олен абай кунанбаев, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Қайғы шығар ілімнен, абай құнанбаев Қайғы шығар ілімнен өлең олен абай кунанбаев казакша олен абай кунанбаев абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать абай құнанбаев өлеңдері Қайғы шығар ілімнен, Өлең: Абай Құнанбаев (Қайғы шығар ілімнен) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке