Әкедей кең құшақ

 Әкедей кең құшақ

Айналайын асқартаудай әкешім,
Ата орнына әке болған көкешім.
Өзіңізді құттықтап осы күнде
Жыр бастадым сізге арнап көкешім

Төрт жыл бұрын карап ең сенімменен,
Не жазам деп ойландым күніменен.
Соткадағы черновикті ашып алып,
Пернесінен бастым кеп түніменен

Ақ ботадай қызыңызбен келгенімде,
Қорқыныш оты ұялады көкірегімде.
Қандай сөзбен бастасам деп әңгімемді,
Мың ойланып, жүз толғандым жөргегімде.

Құтты болсын туылған күніңіз әкетайым,
Жүз жасап ойнақтаңыз көкетайым.
Анамыздың қасында мәңгі бір боп,
Ақ айдында қалықтаңыз ататайым.

Акенің жақсылығын көрмеп едім,
Әрдайым кеудемді кернеді муң.
Өзіңіздің алдыңызға келгенімде
Ақ алтындай қызыңызды берген едің.

Сол кезде кеудемдегі муң ашылды,
Аспандағы жулдыздан нұр шашылды.
Акенің жаксылығын көрмесемде,
Акемдей құшағыңыз кеңге ашылды.


Не дейін туылған күніңіз құтты болсын,
Әрдайым қадамыңыз сәтті болсын.
Анамызбен диванда отырып ап,
Немерелі күндеріңіз тәтті болсын.

Жырымды осыменен тоқтатайын,
Қызыңызды ешқашан жылатпайын.
Анамызга солай деп уәде бергем
Сізге де қайталаумен мен қайтпайын.

Олжас Гайсин

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі