Қалқаман Сарин (Мұхтар Әуезовке)

 Қалқаман Сарин (Мұхтар Әуезовке)

«Дана Мұхтардың ұрпағы» – дейді,
Мына жұрт мені жиі атап,
Санасыз ерді семірте берер
Сылдыр сөзбенен сый, атақ.
Тұяғы дүлдүл тұлпардан туып,
Тартпасам тарлан тегіме,
Алшаңдап басып, ауыз толтырып,
Айтудың өзі – ұят-ақ.

Тұғыры биік баба мұрасын
Ту қылып ұстап бұл күнде,
Дүбірге толы дүние мынау,
Қосылдым ұлы дүмпуге.
Тай кезінен-ақ тұлпар танитын
Талғамы күшті халқымның
Атаға тартып еңіреп туған
Ерді аңғармауы мүмкін бе?

Түңіліп жатқан Абай данамның,
Таудай тұлғасын тірі ғып,
Көрсетіп еді ол халқыма менің,
Қарады әлем үңіліп
Осындай болар – ел ұмытпайтын ірілік
Осындай болар – ел ұлықтайтын ұлылық!

Абайдың жолы – қазақтың жолы,
Керегі жоқ оған дәлелдің.
Қазақы тірлік – шынайы шындық,
Тарихы сонда бар елдің.
Балапан арман жетелеп шығып,
Шырқау шыңына Шыңғыстың
Ұлы Мұхтардың қыран-қиялы
Биігінде тұр әлемнің.

Қазаққа мына Мұхтардай арыс
Тумайды қайта десем де,
От болып туып, шоқ болып жанған,
Жалынды ғұмыр өшер ме?
Киелі Шыңғыстың топырағынан
Нәр алып өскен бір ұлмын,
Ұлы Мұхтардың жерлесімін деп,
Мақтана аламын осы елге!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі