СДУ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында заманауи IT-мамандарды әзірлейді

СДУ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында заманауи IT-мамандарды әзірлейді

Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Сулейман Демирел университетінде XXI - ғасырдың IT-маманын кәсіби даярлау тұжырымдамасы әзірленді. "Отандық білім беруді жаңғырту жағдайында көптілді IT-маманның инновациялық құзыреттілік моделін әзірлеу және енгізу" тақырыбындағы ғылыми жоба 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурсының қорытындысы бойынша грант иегері атанды. Естеріңізге сала кетсек, байқау нәтижелері өткен жылдың соңында шығарылды. Жалпы алғанда конкурсқа осы басым бағыт бойынша 1299 өтінім берілген. Бұл - еліміздің жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары мен ғалымдары қатысқан гранттық өтінімдер байқауының ең көп бағыттарының бірі.
Жобаның ғылыми жетекшісі СДУ ректоры Қанат Қожахмет, жауапты орындаушы – университеттің қауымдастырылған профессоры Рахима Жұмалиева. Бұл тақырыпты СДУ сарапшылары бірнеше жыл бойы зерттеп келеді. Ғылыми жұмыс авторларының негізгі жолдауы: «Бәсекеге қабілетті тұлға - бәсекеге қабілетті ұлттың негізі» идеясын қамтиды. Елбасы атап өткендей: «Минералдық ресурстар емес, бәсекеге қабілетті адам қазіргі әлемдегі ұлт табысының факторы болып отыр. Сондықтан кез-келген қазақстандыққа XXI ғасырда талап етілетін қабілеттерге ие болу маңызды». Бүгінгі жағдайда әлем кадрларға жоғары кәсіби және жеке талаптар қоя бастады. Қазіргі маманның тұлғалық-іскерлік қасиеттерін және құзыреттілігін қалыптастырумен байланысты мәселелер СДУ ғылыми ұжымын да толғандырады. Бүгінгі күні оқу орындары жаңа формациядағы ІТ - мамандарына қандай қабілеттерді дамытуы тиіс екендігі жайлы жоба авторлары Қанат Қожахмет пен Рахима Жұмалиева атап өтті.
- Қазіргі IT-білім беру ерекшелігі неде және қазіргі IT-мамандарды даярлау тұжырымдамасы неге негізделеді?
Қанат Қожахмет: Кез-келген дәуір, түрлі өзгерістер мен мүмкіндікке де, белгілі бір сын-қатерлерге де ие, осыған орай білім беру жүйесінің өкілдері де бәріне дайын болуы тиіс. Жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін кеңейту жағдайында отандық білім беру жүйесін жаңғырту оның мазмұнын жаңартумен тікелей байланысты. Бүгінде білім беру – бұл бірінші кезекте нәтижеге бағытталған толыққанды, сапалы және бәсекеге қабілетті білім. Ал мамандардың біліктілік деңгейі елдің даму деңгейін анықтайтын ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Осы жобаның негізгі идеясы бір жағынан түлектерге қойылатын талаптар бойынша жұмыс берушілердің өсіп келе жатқан сұраныстарының критерийлерін ескеретін жаһандық цифрлық кеңістікті қалыптастыру және дамыту дәуірінде бәсекеге қабілетті IT-маманды дайындаумен байланысты.
Жоба авторлары мектеп бітірушінің және ІТ - маманның қазіргі құзыреттілік үлгілерін талдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Білім берудегі құзыреттілік тәсіл шетелдік және отандық зерттеушілермен, ғалымдармен, сондай-ақ педагог-практиктермен кеңінен қарастырылады. Талдау және зерттеу нәтижелері бойынша түлектердің инновациялық құзыреттілік моделінің инварианты әзірленді және көптілді IT-маманның құзыреттілігін қалыптастырудың жалпы әдіснамасы анықталды. IТ-маманды даярлау бойынша вариативті құзыреттілік үлгілерді әзірлеу жалғасуда.
- Көптілді маманның инновациялық құзыреттілік моделінің инвариантының ерекшелігі неде және оның негізінде көптілді IT-маманның құзыреттілігін қалыптастырудың жалпы әдіснамасы қалай қалыптасты?
Рахима Жұмалиева: ЖОО-ның көптілді түлектерінің инновациялық құзыреттілік моделінің инварианты болашақ маманның жан-жақты кәсіби құзыреттілігін құрайтын тұлғааралық, коммуникативтік, жалпы кәсіби және арнайы кәсіби құзыреттіліктерінің жіктемесін білдіреді. Жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық маманының құзыреттілік моделіне келер болсақ, мұнда негізгі (тұлғааралық, коммуникативтік) және кәсіби құзыреттіліктерді одан әрі дамытумен қатар магистратурада қолданбалы құзыреттілікті, ғылыми – докторантурада және постдокторантурада кәсіби қызметті сараптамалық бағалау құзыретін қалыптастыру орын алады. Көптілді маманның инновациялық құзыреттілік моделінің инвариантын ескере отырып, біз ЖОО және жоғары оқу орнынан кейінгі даярлықтың көптілді IT-маманының құзыреттілігін қалыптастырудың келесі әдіснамасын ұсынамыз.
Авторлардың пікірінше, коммуникативтік құзыреттіліктер тиімді коммуникация дағдыларымен байланысты, кәсіби (Жалпы кәсіби және арнайы-кәсіби) құзыреттіліктер IT-маманның кәсіби қызмет түрлеріне сәйкес келеді және жоғары оқу орнынан кейінгі жүйесінің негізгі білім беру құрылымдарына сәйкес құрылады.
- Заманауи IT-маманның бойында қандай негізгі қабілеттер болуы тиіс?
Рахима Жұмалиева: Қазіргі заман талаптарына сәйкес IT-маманның құзыреттілік моделі тек арнайы техникалық білім мен біліктілігі ғана емес, сонымен қатар "жұмсақ" (soft skills) немесе гуманитарлық қасиеттерді, негізгі құзыреттілікті құрайды. Біз әзірлеген инвариантқа сәйкес келесі негізгі құзыреттерді анықтауға болады: тұлғааралық және коммуникативтік. Мұнда негізгі құзыреттердің құрамы қандай да бір дәрежеде ұқсас немесе болашақ мамандарды даярлаудың барлық бағыттары мен мамандануы үшін бірдей екенін атап өту қажет. Мысалы, көшбасшылық, командада жұмыс істей білу, мотивация, эмоционалдық интеллект, креативтілік, бастамашылық - бұл дайындық бағыты мен мамандығына қарамастан, қазіргі маман үшін маңызды тұлғааралық құзыреттілікке жатады, сондай-ақ, коммуникативтік құзыреттілікке қатысты.
- Заманауи көптілді IT-маман қандай кәсіби құзыреттілікке ие болуы тиіс?
Қанат Қожахмет: Бұл жерде жалпы кәсіптік құзыреттердің барлық мамандандыру топтары үшін әмбебап болатынын атап өту қажет. Мысалы, ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдері мен құралдарын меңгеру дағдылары, жұмыс дағдылары.
Көптілді IT-маманның инновациялық құзыреттілік моделін әзірлеу және енгізу мақсатында сарапшылар ІТ-мамандығы бойынша білім алушы студенттерге, оқытушыларға, түлектер мен жұмыс берушілерге сауалнама жүргізу бойынша қатар жұмыс жүргізеді. Сауалнама жүргізу арқылы жоба авторлары, біріншіден, ІТ-маманның неғұрлым өзекті және маңызды құзыреттерін анықтайды, екіншіден, жалпы ІТ саласы бойынша білім берудің басым міндеттерін анықтайды. Қазіргі таңда жоба жетекшілері мүмкіндігінше көптеген жоғары оқу орындарын, сонымен қатар IT-компанияларды да жобаның міндеттерін шешу үшін тартуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, олар көптілді IT-маманды кәсіби даярлаудың әзірленген моделі зерттеушілердің, ғалымдар мен мамандардың білім берудегі құзыреттілік ұстанымдары бойынша назарын аударатынына және заманауи ІТ-білім берудің негізі болатынына сенімді. Жобаның міндеттері аяқталғаннан кейін авторлар алынған зерттеу нәтижелерін іс жүзінде енгізуді және қолдануды жоспарлап отыр. Елдің үдемелі индустриялық-инновациялық даму жағдайындағы басты ресурс халықтың цифрлық сауаттылығын және Инфокоммуникациялық технологиялар саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру, креативті ойлау мен интеллекті дамыту негізінде құрылатын адами капитал болып табылады. Бәсекеге қабілетті адами капиталды құру "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру міндеттерінің бірі болып табылатын білім беру құрылымын жетілдірумен және оның мазмұнын жаңартумен де байланысты. Осы стратегиялық міндетті орындау бір жағынан, қазақстандық білім берудің үздік дәстүрлерін сақтауды, екінші жағынан, болашақ мамандарды халықаралық біліктілік сапасымен қамтамасыз етуді көздейді.

Сулеман Демирел университетінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?