Абай Құнанбаев (Өлсе өлер табиғат, адам өлмес)

 Абай Құнанбаев (Өлсе өлер табиғат, адам өлмес)

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
“Мені” мен “менікінің” айрылғанын
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Кім жүрер тіршілікте көңіл бөлмей,
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей,
Міні қайда екенін біле алмассың,
Терең ойдың телміріп соңына ермей.
Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас,
Екеуі тап бірдей орныға алмас.
Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың
Иманын түгел деуге аузым бармас.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 11
  1. Оқырман Алтынай
    6 + 3 -
    Күшті
  2. Керемет өлең
    Керемет өлең 03.12.2020 09:45
    8 + 2 -
    Ерке
  3. Mister Ben
    Mister Ben 28.11.2019 10:29
    7 + 1 -
    Мағанда
  4. Asemai | XV
    Asemai | XV 13.04.2017 13:54
    6 + 1 -
    маған ұнады!
  5. Аня Мусилимова
    Аня Мусилимова 17.02.2016 18:53
    4 + 1 -
    Яя
  6. Аня Мусилимова
    Аня Мусилимова 17.02.2016 18:52
    4 + 3 -
    Кушти маган унады????????????????????
  7. Asel Mukhambetova
    Asel Mukhambetova 21.01.2016 09:24
    3 + 1 -
    Кушти ????????????????????????
  8. Динара Аскаркызы
    4 + 2 -
    Кушти
  9. Маулет Ибраев
    Маулет Ибраев 31.08.2015 06:11
    3 + 1 -
    Жаттап отрм)
  10. Еркемай Мурсалова
    4 + 0 -
    Керемет
  11. VIP kanalVIP
    VIP kanalVIP 22.08.2014 15:23
    3 + 0 -
    оте адеми олендер

Ілмектер: стихи абая кунанбаева на казахском языке, Қазақша өлең: Абай Құнанбаев, казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Өлсе өлер табиғат, адам өлмес абай өлең, табиғат туралы өлең шумақтары, табиғат туралы қазақша өлең, табиғат туралы өлең жолдары, табиғат туралы өлең шумақтары, табигат туралы олен жолдары, табигат туралы олен шумактары