Экономика | Нарықтың мәні атқаратын қызметі

Экономика | Нарықтың мәні атқаратын қызметі

Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдык өнімнің нақтылы қозғалысы сан мындаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардын, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылыгғның экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің "қан айналымы" жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы козғалысында рынок маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршендігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен рыноктардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы рынок мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориалық айтыстар толастамай келеді. Экономикалык әдебиеттер мен зерттеулерде "рынок" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла койған жоқ. Көпшілігі рыноктық катынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы рынокты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет "дәрі" деп те, немесе осы салада орын алып отырған олкылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтің керемет "күш" деп те дәріптеуде.


Нарықтың мәні, атқаратын қызметі, түрлері мен құрылымдары.
Нарықтың мәні, атқаратын қызметі.
Саяси экономикалық мағынада рынокты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды. Сонымен, рынок тауарлы өндірістің құрамды компоненті, тауарлы өндіріс пен айналыстың заңдарына сүйенетін айырбас процесі. Рынок — тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы.
Экономикалық дамудың объективті жағдайы рынокты және оның категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т. б.) өмірге әкелді. Көп уакыт бойы біздің еліміздегі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі рыноктың дамуына тежеу салды. Соңгы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне көшу рыноктық айырбаска кенңжол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі "батыстық модельдерді" қайталау емес. Бұрынғы социалистік елдердегі рыноктық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру барысындағы заңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы рыноктың тепе-теңдігі қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі рынок меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да рынок өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастады.
Соңғы уақытта, теориялык дискуссияларда рынок пен жоспар бір-біріне орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлы ұйымдасқан процесс) рынокты, оның икемділігін, экономиканың тиімділігін арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан рынок ұдайы өндірісті үйлесімді дамытудың басты тұтқасы. Экономиканы рыноктық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмінің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн. /1/
Рыноктың атқаратын басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістін үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады. Қоғамдык қажеттіліктерді өтеу барысында халық шаруашылығы кұрылымдары, өнімнің түрлері және баска да шаруашылық параметрі жоспарланады. Сөйтіп, өндіріс пен тұтыну процестерінің арасындағы байланыстар белгіленеді. Ал мұндай жоспарлы бағыт-бағдарлар мен тапсырмалар алдымен рынокта, сұраныс пен ұсыныс, кәсіпорындардың келісімдері арқылы алғашқы сынақтан өтеді. Сонымен қатар, рынок белгіленген жоспарды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Өйткені ол өндірілген өнімнін оған жұмсалған енбектің қоғамдық қажеттілігін дәлелдейді. Рыноктың тағы бір маңызды қызметі өндіріс шығындарын азайту. Бұл қызметін олбағаның қоғамдық кажетті еңбек шығындарын накты сипаттауымен байланысты атқарады. Тек бағалар рыноктық өзгерістерді әрдайым ескеретіндей икемді болулары керек.
Көп уакыт бойы біздің шаруашылығымыздың бұрынғы социалистік елдердегі сияқты сәйкестілігі бұзылып, экономика тапшылык, жағдайында, болып келді. Мұны ұдайы өндірістің заңдылығы деп түсінушілер де аз болған жоқ. Сөйтіп, социализм тұсында сұраныс ұсыныстан әрдайым артық болуы керек деген формула пайда болды. Рынок құрылымы өте күрделі. Мұның ең басты буыны — өндіріс құрал-жабдықтары қозғалысы материалдық-техникалық жабдықтау түрінде жүзеге асты. Материалдық-техникалық жабдықтау-орталықтан ресурстарды жоспарлы түрде өндірушілер мем тұтынушыларға беліп отыру. Бұл баскарудың әкімшілдік-әміршілдік түріне тән әдіс еді. Сырт қарағанда материалдық-техникалық жабдықтау сатып алу, сату аркылы жүргізіледі, бірақ бұл формалды түрде болып келді. Рыноктың ұдайы өндірістегі рөлі көтеру үшін өндірушілер мен тұтынушылар арасында тікелей коммерциялық және аралық рөл атқаратын көтерме базалар арасындағы қатынасты кеңінен дамытуды өмір талап етті. Материалдық-техникалық ресурстарды орталықтан бөлуден өндіріс құрал-жабдықтарын рынок арқылы сатуға көшу, еңбек ұжымдарынын өзін-өзі басқару мен экономикалық дербестігін күшейтіп іскерлігін керсетуге жол ашты.
Көтерме сауданың бірінші көрінісі — өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы келісім шарт түріндегі байланыстар. Олар өзара өнім өндірудің көлемдерін, онық сапасын және жабдықтау жағдайларын анықтайды. Көтерме сауда шаруашылық есептегі базалар мен магазиндер арқылы да ұйымдастырылады. Өндіріс кұрал-жабдықтарын көтерме сауда арқылы сату алдын ала экономикалық және ұйымдастыру алғы шарттарын қажет етеді. Әңгіме сұраныс пен үсыныстың арақатынасын ескертетім бағалар жүйесіне, нақтылы шаруашылық есепке көшу, дамыған инфраструктурасын жасау (қоймалар мен базалар, транспорттык қызмет көрсету және т. б.). Тек шаруашылық коммерциялық есепті нығайту арқылы ресурстарды үнемдейтін экономикалық тұтқаларды жасағга болады. Көтерме сауда рыногына көшудің басты жағдайына ресурстар мен қажеттіліктін сәйкестілігін сақтау да жатады.
Жалпы тауар айналысы ақша айналысымен тығыз байланысты. Сондықтан өндіріс кұрал-жабдықтары рыногының дамуы, кәсіпорындардың коммерциялық сауда кызметінің кеңеюі ақша ресурстарының қарыз қорын және бағалы ақшалардың жеке рыногының құрылуын, олардың қозгалысының икемділігін жарастыруды талап етеді. Сөйтіп, рыноктың құрамында бағалы ақшалардың облигациялар мен акциялардың коммерциялық айналымы орын алуы мүмкін. Әзірге бұрынғы социалистік елдерде мемлекеттік облигациялар механизмі жолға қойылған. Венгрия мен Қытайда сонымен қатар акциялар рыногы да орын алуда. Рыноктық дамыған форма биржалардың ұйымдасуын талап етері сөзсіз.
Болашақта нақты жүйенің қалануына ұлттық ақшаның телем қабілетінің, айналым кызметінің өсуіне карай теңгенің белгіленген курсқа сәйкес шетелдік вальюталарға еркін айырбастау рыногының да құрылуы объективті құбылыс. /2/
Өндіріс құрал-жабдықтары айналысының ерекше бір формасы, ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу. Қазіргі кезеңде агроөнеркәсіптік бірлестіктер жоспарлы сатып алу көлемін мемлекеттік заказ ретінде аудандық а гроөнеркәсіп бірлестіктеріне жібереді. Жекелеген шаруашылықтарға сатып алу заказдары берілмейді, оның көлемі белгіленген баға бойынша келісім шарт негізінде анықталады.
Ұдайы өндіріс процесінде тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету рыногының маңызы да зор. Тек осының негізінде өндірісті ұлғайту мен тауарлардың сапасын жақсарту бағдарламалары жүзеге асырылады. Осы проблеманың маңыздылығын былай анықтауға болар еді. Егер біз рынокты алуан түрлі тауарлармен және көрсетілетін қызмет түрлерімен толықтыра алмасақ беліс қатынастарын жетілдіру жөніндегі барлық күш-жігерлеріміздің тиімділігі шамалы болып шығады, ал халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі міндетіміз орындалмай калады. Халық тұтынатын тауарлар ендіру мен қызмет көрсету саласын дамытудың кешенді бағдарламасы міне осыған бағытталуы қажет. Қазіргі кезеңдегі тұтыну тауарлары рыногының ерекше белгісі — тұтынушылар сұранысын жақсы өтеу барысында өндірушілер арасында конкурс пен жарыс өткізу. Мұнда көтерме сауда жәрмеңкелерін жиі өткізудің маңызы зор. Әсіресе ТМД елдерінің, аймақтардың арасында осындай жақсы тауарлар сату шарысын ұйымдастыру өндірушілер үшін үлкен сын болар еді. Бұл болашақта халықаралық экономикалық қатынасқа кәсіпорындардың өз еркімен қатынасуына да үлкен әсер етері сөзсіз.
Көптеген елдердің тауар айналымында ауыл шаруашылығы мен баска кооператив өнімдері, өздерінің қосалқы шаруашылығында өндірген өнімдерді еткізетін рынок көрнекті орын алуда. Экономикалық реформа барысынада колхоздар жоспардан тыс 30 процентке дейінгі жоспарлы өнімді қалаларға апарып келісім бағалармен сатуға құқылы.
Рынокты сапалы жақсы тауарлармен толтыру мен қызмет көрсетуді жақсарту, біздің әлеуметтік саясатымыздың басты міндеті. Ең бастысы реттелетін әлеуметтік рынокты дамыту, алыпсатарлармен күрестегі жеңістің, "көлеңкелі экономиканы" жоюдың алғы шарттары.
ТМД елдерінің ұлтгық рыноктары бір-бірімен тығыз байланыста. Олар дүниежүзілік рынокпен де қарым-қатынасты ұлғайтуда. Бұл катынастарды дамытудың материалдық негізі ол елдер арасындағы еңбек бөлінісін тереңдету, тікелей тауар айырбасы мен сату қызметтерін кеңейту. Тауар айналысы мен рынок "сатушы мен сатып алушылардың" арасындағы қатынастың көріну формасы болғанымен, олар шын мәнінде өндіріс пен тұтынудың, сұраныс пен ұсыныстың қайшылықтарын нақты көрсетеді.






Қорытынды
Нарықтық экономикаға көшуге орай, жұмысшы күшiнiң жұмыс орнынан босану процесi өрiстеуле. Болшақта жұмыс орны кепiлдiк түрде анықталмайды, яғни жалдау нақты түрде жүзеге асырылатын болады. Бұл жағдай, еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға, еңбеккерлердiң табысының өсуiне, ғылыми-техникалық прогрестi бiршама тежейтiн формаларды жоюға жол ашады.
Мемлекеттің міндеті — еңбекшілерге тиімді еңбек етуіне қолайлы жағдай жасаумен бірге уақытша жұмыссыз қалғандарға әлеуметтік жәрдем жасау, оларды барынша қолдау және қорғау.
Қазіргі экономикалық теориядағы жаңа кезқарас бойынша жұмыс күші тауар ретінде қаралуы керек. Олай болса жұмыс күшінің тұтыну құны және құны бар. Жұмыс күшінің тұтыну кұны дегеніміз оның материалдық және рухани игіліктерді өндіріп, қызмет көрсетуді атқару қабілеті. Жұмыс күші арқылы адам құн және қосымша құн өндіреді. Рынок қатынасында жұмыс күшіне сұраныс тауар өндірушінің сапалы өнім шығарып, оны сатудан пайда түсуімен белгіленеді. Сонымен жұмыс күшіне сұраныс проблемасы экономикалық өсумен тығыз байланысты. Әрине, мемлекет бұл процесті тікелей және жанама реттеуі мүмкін. Ол үшін экономика құрылымын қайта күру, перспективалық, стратегиялық күрделі қаржылар жұмсау көзделуге тиіс.
Көп укладты экономикада жұмысшыны қабылдайтын кәсіпорын оның жұмыс күшінің сапасына ерекше назар аударады. Осыған орай еңбекақы да белгіленеді. Жұмысшының еңбекақысының мөлшеріне түрлі факторлар әсер етеді, онын ішінде еңбек туралы заң, ұжымдық шарт, салық саясаты т. б.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Е.Адаспаев – «Экономика: байып пен бағдар».
2. Мухмедиев А.Б. Ұлттық қоғамдық саяси журнал // Ақиқат, Рыноктық экономикаға өтудің моделі. А. – 1999. – 5 / 6
3. Я. Әубәкіров, Экономикалық теория негіздері // Алматы – 1998ж.
4 . Сейткасымов Г.С., Ильясов А.А. Рыночная экономика, Алматы: Экономика, 1998 – 184с.
5. Жуков Е. Ф. Принципы рыночной экономики. – М.: Банки и биржы, ЮНИТИ, 1995 – 224с.
6. Семенкова Е. В. Операции в рыночной экономике. – М.: Переспектива, “ИНФРА-М”, 1997 – 328с.
7. Мейірбеков. А.Қ, Әлімбетов. К.Ә. - “Кәсіпорын экономикасы”. АЛМАТЫ, 2003
8. Бабақұлы. Б. - “Тәуелсіздік, нарық, экономика”. АЛМАТЫ, 1996....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!