Философиядағы негізгі мәселелердің бірі адам мәселесі

Философиядағы негізгі мәселелердің бірі адам мәселесі

Болмыс мәселесі. Болмыс ұғымының және болмыс жайындағы ілімнің төңірегінде философияда ежелден бері және қазір де қызу пікірталас болып келеді, өйткені болмыс мәселесі дүниеге көзқарастық және методогиялық басты мәселелердің бірі болып табылады. Не себепті құдайдың болмысы, яғни ол бар ма, әлде ол жоқ па? – деген сұрақтың төңірегінде ғылыми көзқарас пен діннің арасында ымырасыз күрес жүріп келеді?
Болмыс ұғымы – философияның ең ежелгі әрі маңызды категориялардың бірі. Ол жалпылай алғанда «бар болу», «өмір сүру» мәселесін қамтиды. Бұл түсінік адамның айнала қоршаған ортаны біртұтас әлем есебінде танып білуге ұмтылуынан туындаған.
Осы заманда болмыстың екі түрі бар. Тар мағында болмыс – адамның санасынан тәуелсіз , тысқары өмір сүретін объективті, материалдық дүниені білдіреді. Ал кең мағынада алған болмыс түсінігі бардың бәрін, өмір сүретіннің барлығын – материалдық дүниемен қоса рухани дүниені де, яғни адамдардың санасын, ақыл-ойын, жан сезімін қамтиды. Философтар болмыстың өткені мен ертеңі жайында ортақ пікірге келмеді. Бір тобы бұл шексіз дүние өткінші емес, әрқашан болған және бола береді десе, енді біреулер дүние бола береді, бірақ кеңістікте де, уақытта да бастамасы мен ақыры бар деп көрсетуге тырысты. Сөйтіп болмысқа қатысты мәселелердің біртұтас желісі қалыптасты.
Философия тарихында болыс ұғымын тұңғыш енгізген, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид еді. Оның пікірінше, болмыс дегеніміз – бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу – болмыссыздық. Парменид әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, мәңгілігіне, ең бастысы бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі.
Антикалық дәуірдің өкілі Платонның ойынша, болмыс дегеніміз – мәңгілік өмір сүретін, өзгермейтін сана тектес рухани идеялар дүниесі. Идеялар – заттар мен құбылыстардың түпнегізі, оларды анықтап өмірге келтіруші. Заттар дүниесі пайда болады, өткінші, тозады, өледі, яғни шынайы болмыс емес, бар болғаны идеялар дүниесінң күңгірт бейнесі ғана.
Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлық философияныың өзегі – Құдай болмысы. Құдай мәңгі, уақыттан да кеңістіктен де тысқары тұр. Ол бүкіл әлемді , адамды жаратушы. Қайта өрлеу дәуірінде, әсіресе, Жаңа заман дәуірі де ғылым мен техниканың өрістеп дамуына байланысты философияда адамға, ғылым мен ақыл-ойдың жетістіктерін адам игілігіне пайдалануға бетбұрыс болғаны белгілі. Осыған орай болмыс ұғымын табиғатпен ұштастыруға, адамның жаратушылық қабілетімен, ақыл-ой пәрменділігімен байланыстыруға ұмтылыс пайда болды ( Ф.Бэкон, Р.Декарт) Неміс классикалық философияның аса ірі өкілі Г.Гегель шынайы болмыс – «абсолютті идея» деп тұжырымдады. Ол Платон арнасын жалғастыра отырып, болмыс мәселесіне объективті идеализм тұрғысынан келгенімен, ең бастысы, болмыс ұғымына диалектикалық сипат беріп, даму процесінде қарастырды.
Болмыстың түрлері туралы мәселе философия үшін де өте маңызды. Себебі философияның негігі мәселесін – ақыл-ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені – түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін бөлу керек. Негізгі түрлері:
1.табиғат болмысы немесе заттар және процестер болмысы
2.адам болмысы
3.рухани болмыс
4.әлеуметтік болмыс
Болмыстың жоғарыда қаратырылған негізгі өмір сүру көрініс табу түрлерінің әрқайсысының өзіне тән заңдылықтары бар – олар физика, биология, антропология, социология, т.б. сияқты сан алуан ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондай-ақ, олар белсенді түрде өзара қарым-қатынасқа түсіп, тұтас байланыс құрайды, бір-біріне өтіп отырады. Ең бастысы, дүние болмысы тұтас, тұрақты, үйлесімді, сөйте тұра, үнемі қозғалыста, өзгермелі, құбылмалы. Оның ашылмаған құпиясы, ақтарылмаған сыры әлі де көп. Адам оны игеру жолында, игілікке пайдалану ниетінде іздене бермек.

Философиядағы таным мәселесі. Ақыл-парасат, сана-сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үңіледі, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарны біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым-қатынасын анықтайды. Түйсіктердің, қабылдаудың, ақыл-ойдың арқасында біз заттарды, оладың қасиеттерін танып білеміз. Осы тұрғыдан алғанда, таным дегеніміз сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі процесі.
Философядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда дүниені танып-білуге болатындығын мойындайды. Бұл ретте, мысалы Р.Декарттың, Г.Лейбництің, Г.Гегельдің жүйелі ой-пікірлерін атап өтуге болады. Алайда, Гегель дүниені танып-білуде «абсолюттік идеаның» өзін-өзі танып –білу жолындағы бір сатысы ретінде қарастырады. Ал субъективті идеалистер дүниені түйсіктермен ой-өрістің әртүрлі жиынтығы деп қарайтын болғандықтан, олардың дүниені танып –білуі туралы субъектінің өзін-өзі танып –білуіне келіп соғады.
Сондай-ақ , кейбір философтар дүниені танып –білу мүмкіндігін мүлде жоққа шығарады, абсолютті ақиқат, заттардың ішкі мәніне таным арқылы жетуді мойындамайды. Философияда агностицизмнің көрнекті өкілдері Д.Юм мен И.Кант болып табылады. Бұлардың қорытынды пікірі: агностик пікірден ары аспайды, олар құбылыстың бер жағында тоқтап қалады, түйсіктердің ар жағында қандай да болсын «анық» нәрсе бар деп танудан бас тартады.
Танымның формалары мен түрлері көп. Ең алдымен таным ғылыми және ғылыми емес деп бөлінеді. Ғылыми емес танымның түрлеріне күнделікті тұрмыстағы танымдар, көркем бейнелер, діни танымдар т.б. жатады. Ғылыми таным – таным процессінің негізгі түрі. Ғылыми танымның негізгі міндеті - заттар мен құбылыстардың негізгі сырын, олардың өмір сүру және даму заңдылықтарын ашу. Ғылыми таным негізгі екі деңгейден тұрады: эмпириялық және теориялық.
Эмпириялық танымның міндеті - факті жинау ісімен айналысу. Эмпириялық зерттеу ең алдымен зерттеу бағдарламасын жасап, соған сәйкес бақылау, эксперимент жүргізеді, жиналған мәліметтерді саралаудан өткізіп, түсініктеме береді, алғашқы жалпылау жасайды.
Теориялық таным – заттар мен құбылыстардың мәнін, заңдылығын білуге бағытталған таным; ол аса жоғары дәрежелі абстракциялауда іске асады: теориялық таным ұғымы, категория, заң, гипотеза және т.б. формаларда жүзеге асады. Теориялық таным салыстыру, анализ бен синтез, абстракциялау, шектеу, логикалық және тарихи, аналогия әдістерімен жүзеге асады.
Жоғарыда айтылған ойларды қорытындылай келе, мынадай түйінді тұжырым айтамыз: танымның екі деңгейі – эмпириялық және теориялық деңгейлері бір-бірімен диалектикалық бірлікте өмір сүріп, әрекет етеді, яғни бір-бірін толықтырады. Эмпириялық зерттеу әрдайым теориялық танымның алдына жаңа міндеттер ұсына отырады, ал тереңдей түскен теориялық таным өз тарапынан эмпириялық танымның алдына барған сайын күрделірек міндеттер қояды, сөйтіп бұл жерде кері байланыстар принципі әрекет етеді.
Қазіргі философиялық мәселелер. Қазір Бүкіл адамзат алдында бұрын болмаған ауқымды мәселелер қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік пен қарусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, кейбір мемлекет пен аймақтардың артта қалуын жою, ғылыми-техникалық жағынан алға басу, халық ағарту және мәдениет мәселелері, халық санының өсуі, денсаулық сақтау, адамның жаңа биологиялық және әлеуметтік жағдайларға үйренуі, материалдық қор мен энергетика, азық-түлік пен табиғат және т.б. сияқты күрделі мәселелер бар.
Осы мәселелердің бәрі адамзаттың қазіргі жағдайына, оның болашағына зор әсер етуде. Ең басты мәселе – бейбітшілік пен қарусыздану мәселелері болып отыр, себебі дүниежүзілік термоядролық соғыс – адамзаттың бәрін , тіршілігін мүлде жоқ етеді. Сондықтан адам болашағы деген мәселе философияның өзекті мәселесі болып қала береді, ал оны қарастыру, зерттеу өзге де ауқымды ғаламдық мәселелердің шешілуімен тығыз байланысты. Бұл мәселе, ең алдымен, өндіріс пен мәдениет салаларында, саясат пен идеалогия аяларында, дүниетанымдық көзқарас пен адамгершілікте айқын көрінеді.
Адамзат XXI ғасырға аяқ бастты. Бұл кезде ғылыми-техникалық өріс алуымен бірге, кең ауқымды мәселенің қалыптасуына сәйкес адамның жаңа әлеуметтік, рухани ортасы пайда болады. Адамзат өмір сүретін табиғат ортасы бірте-бірте тозып барады, ендігі жас ұрпақтың қандай табиғи жағдайда өмір сүретіні күрделі мәселеге айналуда.
XXI ғасырда негізгі қайшылықтар ғаламдық мәселелермен тікелей байланысты және де олар бүкіл адамзатқа, барша халыққа ортақ . Сондықтан осы мәселелерді шешу үстінде адамзаттың материалдық және мәдени өмірін жақындастыру, интернационалдандыруды еске алу керек.
Ядролық ғасырда жаңаша ойлау адамзатты адамгершілікті дамытуға, өркендетуге шақырады, ол бұрынғы озбырлыққа, өктемдікке, дүлей күшке салуға мейлінше қарсы. Жаңаша ойлаудың негізгі принциптері Б.Рассел, А.Эйнштейннің манифестерінде жарияланған еді. Олардың айтуы бойынша, кейінгі кезеңдерде мемлекетаралық шайқас болмау керек, әрбір блок пен мемлекет саяси келіспеушіліктері, әрбір дүниетаным, көзқарастардың қайшылықтары күшке салынбау керек, әйтпесе адамзаттың жалпы жер жүзінен жойылып кету қаупі төнеді. Сондықтан, қару-жарақты азайтып, одан әрі жойып жіберуге мүдделік керек. Адамзат өз тарихында қиын кезеңдерді бастан кешуде. Бұл жағдайда ғылыми философия мен барлық прогрессшіл күштер арасында тұрған мақсат – адамзатты апаттан аман алып қалу, бейбітшілікті сақтау.
Биосфера, ноосфера және экология мәселелері – негізгі мәселелердің бірі. Адамдардың тыныс-тіршілігін, өмір сүруін қамтамасыз ететін орта – биосфера. Адамзат – биосфераның бір бөлігі. Адамның іс-әрекеті, ғылым мен техника дамыған сайын биосфераның өзгеруі жылдамдай түседі. адамзат пайда болуымен бірге биосфера өзінің келесі сапалық сатысына - ноосфераға өтеді. Оның негізін қалаушы В.И.Вернадскийдің пікірінше, ноосфера – адамның ақыл-ой өрісі, табиғатты жоспарлы, жүйелі түрде пайдалануының, өзгертуінің жемісі. Басқаша айтқанда, ақыл-ойдың құдіреті дүниеге келтірген ғажайып техникалық құралда табиғатты бүлдірмей, қайта оны сақтауға тиіс. Бірақ адамзаттың теріс іс-әрекеттінің нәтижесінде, табиғатқа орасан зор зиян келтірді. Өзіміздің Қазақстандағы Арал, Семей, Балқаш мәселелері соның жемісі.
Бұл айтылған мәселелер бүгінде экологиялқ мәселелер деп аталып, әлемдік сипатқа ие болып отыр.Қысқасы, бүгінгі таңда табиғат қорғау мәселесі, қоршаған ортаның тазалығы үшін күрес дүние жүзі елдерінің , халықтарының басты міндеті.
Әлеуметтік философия. Әлеуметтік философия таптардың өмір сүру тәсілдерін, алатын орнын, қарым-қатынастарын зерттейтін ілім. Қазіргі заманда еңбек етпейтіндер мен еңбек ететіндер, үстем тап пен езілушілер, жастар мен кәрілер, зейнеткерлер мен бас бостандығынан айырылғандар бар. Олардың тұрмыс жағдайлары әрқилы және әлеуметтік тұрғыдан теңестіру мүмкін емес. Елдегі жұмыссыздықты азайту, оның денсаулығын мықты болуы, емдеу жүйесінің дұрыс жолға қойылуы, бай мен кедейдің арасындағы алшақтықты жою, әділетсіздікті жою, елде дұрыс қоғам орнату – бұл әлеуметтік философиясының мәселесі. Осы заманда қайсы елде әлеуметтік философия орнаса, заңсыздықтың беті ашылған жерде әділетті демократиялық қоғам орнайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!