Францияның мемлекеттік бюджеті

Францияның мемлекеттік бюджеті

Франция «НАТО» әскери ұймынынан шығып ектсе де, оның мүшесі болып қалды. 90-шы жылдары мемлекет тікелей әскери шығындары бойынша әлемде 4-ші орынға шыққан. Қорғаныс министірлігінің әскери шығындарынан басқа, премьер-министр бюджетінің шығындары да айтарлықтай (бас штабы шығындары, барлау органдары, радио бақылау қызметері).
Ал, жанама әскери шығындарға: мемлекеттік қарызды басқару шығындары мен әскери зейнетақылар жатады. Әскери мақсатқа жұмсалатын жалпы қаржыландыру мемлекеттік бюджет көлемнің шамамен 35% дейін жетеді, бұл ЖҰӨ-ң 4% деген сөз.
Әлеуметтік қажеттілік шығындары салыстырмалары түрде төмендеуде. Үкімет бұл қаражаттарды тек әлеуметтік теңестіру үшін ғана емес, экономиканы реттеу мақсатында жұмсайды. Ең төменгі жалақы және мүгедектік бойынша берілетін зейнетақы көтерілді. Сонымен бірге әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын жұмысшылар жарнасының көлемі де ұлғайды. Бұл шығындардың ішіндегі ең көп көңіл бөлетіні- білім беруге бөлінетін қаржы, оның үлесі бюджеттің жалпы шығыстарының 25% құрайды.
Басқару шығындары мемлекеттік биліктің барлық органдарын қамтиды. Құрамында шамамен 1 млн-ға жуық адамы бар үлкен әкімшілік аппаратының бар болуы, мемлекеттік саяси, экономикалық және әлеуметтік қызметтерімен тағыз байланысты. Бұл бағыттағы шығындар мемлекеттік бюджет шығындарының шамамен 12% құрайды.
Сыртқы байланыс шығындары- халықаралық байланыстарға, қарым- қатынастарға байланысты шығындар. Бұл тізімге Африка мемлекеттеріне көмек кіреді. Дамушы елдерге көмек беру жағынан Франция АҚШ-тан кейін екінші орынды иемденеді.
Бұл шығындар өзінше жеке дара «сыртқы байланыстар» деген бапқа кіреді. Осы бапқа сай халықаралық зерттеу ұйымдарына қатысуына байланысты шығындар қарастырылған. Бұл баптағы қаражат көлемі шамамен 1,3 млрд франк, халықаралық ұйымдарға жарналар 1,5 млрд франк, сондай-ақ дипломатиялық және консулдық аппарат шығындары да осы бапқа енеді.
Қайта өндіріс процесінде мемлекеттік бюджет аса маңызды функциялар орындайды, оның ЖІӨ-гі үлесі 20% астам.
Жалпы, Францияда бюджет процесі 4 сатыдан тұрады және ол 3 жылдан астам уақытқа созылады. Алғашқы саты- бюджет жобасын құру, экономика және қаржы министірлігінің (ЭҚМ) бақылаумен 9 ай бойы жүргізіледі.
Әрбір министірлік пен ведомство өз сметаларын жасап, қаржылық бақылаушы тіркегеннен кейін бюджет жобасын даярлау үшін ҚЭМ-не жіберіледі. Бюджет жобасын үкімет мақұлдағаннан кейін парламентке жіберіледі.
Екінші саты- үш ай уақытқа созылатын бюджетті қарастыру мен бекіту. Франция Ата заңына сәйкес бюджетті қарастыру, бекіту құқығы парламентке берілген. Бюджет жобасы әр палатының қаржы комиссиясының тексеруінен өтеді. Комиссияның бас баяндаушысы палата отырысында бюджеттің жалпы мәселелері бойынша баяндама жасайды. Алдымен бюджет жобасы төменгі палатада (ұлттық жиналыс) талқыланып,содаң соң жоғарғы палатаға (сенатқа) талқылауға қарауға беріледі.
Бюджет бекітілуі қос палатаның біріккен отырысында өтеді. Егер сенат берілген бюджет жобасымен келіспейтін болса, онда жобаны қайта қарауға төменгі палатаға қайта қайтарып береді. Егер бюджет жобасы 70 күн бойы екі мәрте талқылауға түсіп, мақұлданбаса, онда президент өзінің жарлығымен (ордонанс) бюджетті заң деп жариялайды. Бұл жағдайда ордонанстық бюджет күшіне енеді.
Франция парламентінің бюджеттік құқықтары Ата Заңмен шектелген. Парламенттің ұсыныс немесе өзгертулер еңгізуге құқығы жоқ.. Жалақының төменгі шегі, отбасылық жәрдемақылар сияқты халықтың көп бөлігін қызықтыратын, толғандыратын мәселелер бойынша бірқатар баптарды бекіту де парламент құзырынан алынып тасталған. Ол тек аса маңызды баптардың жалпы сомасын бекіте алады. Ал, кейбір баптар тіптен бірнеше жылдарға бекітіліп, парламенттік бақылауды әлсіздендіре түседі.
Үшінші саты- бюджеттің орындалуы, ол бір жылды қамтып, бюджет жылы деп аталады. Францияда ол күнтізбелік жылмен сай келеді. Бюджет орындалуының жалпы жетекшілігі ҚЭМ-не жүктелген. ҚЭМ-гі министірліктер мен ведомстволар берген ұсыныстар (заявкалар) бойынша шығындардың айлық кестесін жасайды. Бюджеттің кассалық орындалуы қазынашылық кассалар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Бюджет жылы аяқталғаннан кейін- төртінші саты басталады, яғни, экономика және қаржы министірлігі бюджет орындалуы туралы есеп беруді құрайды. Арнайы бақылау органы, яғни есеп палатасы бюджеттің орындалуы туралы есепті тексергеннен кейін парламент бекітуіне кіреді.
Бюджет процесі барысында қаржы бақылауы жүзеге асып отырады. Мемлекеттік бақылаудың арнайы органы болып есеп палатасы саналады, ол алдын ала, ағымдағы және кезекті бақылауларды орындайды. Әр министрлік пен ведомствода қаржы бақылаушысы болады. Олардың негізгі айналысатын ісі- қаражаттардың жұмсалуын тексеру. Жоғарыда аталып кеткендей, Франциядағы мемлекеттік табыс бөлігінің 90% салықтардан тұрады, ал шығыс бөлігінің бағыттары сан қилы.
Жалпы Франциядағы мемлекеттік бюджет шығындарын төмендегі суреттен бақылауға болады:

Шетел істері
Және халық-қ
Ынтымақтас- 2%
әділ сот
өнеркәсіп 1%
ауыл шаруа-ғы және рт
балық аулау 3% басқа да министр-р 1%
ғылыми зерт-р және
ғылыми техно-р 3%
мәдениет 1%
қаржы қызметі 4%
ішкі қызмет-р орта және жоғары
және жергілікті білім беру 28%
өзін-өзі басқаруды
дамыту 7% қорғаныс 20%
көлік, тұрғын үй 10% әлеумет-к
министр-р 18%
басқа да министр-р 1


Францияның мемлекеттік бюджетінің шығыс
бөлігінің құрылымы
Францияның салық жүйесіне сипаттама

Францияның салық жүйесінің ерекшеліктері:
• міндетті аударымдардың жоғары үлесі
• әлеуметтік бағыттағы қорларға аударылатын жарналардыңжоғары үлесі
• тікелей салық салудың төмен деңгейі мен жанама салықтардың жоғары деңгейі
Францияның салық жүйесі салықтарды орталық бюджетке түсетін салықтар және жергілікті салықтар деп бөледі. Мемлекеттік салықтар орталық бюджеттің табыс базасы болып саналады. Жалпы бюджеттің шамамен 60% жуығын жанама салықтар береді, әсіресе ҚҚС.
ҚҚС-ң отаны да осы Франция мемлекеті болып саналады. Ол 1954 жылы Лоре оқымыстының еңбегімен енгізілген. Салық бюджеттік түсімдердің 45% ҚҚС-ның үлесінде.
Қазіргі кезде бұл салықтың негізгі ставкасы 18,5%. Кейбір тауар түрлеріне, мысалы: автомобиль, кино тауарлары, темекі бұйымдары, бағалы терілерге жоғарылатылған мөлшерлеме 22% қолданылады. Ал, төмендетілген 5,5% азық-түлік тауарларының көптеген түрлеріне, ауыл шаруашылық өнімдеріне, кітаптарымен дәрі-дәрмектерге қолданылады.
Бұл салық бойынша айтарлықтай жеңілдіктер де қарастырылған. Мысалы: 1991 жылдың қаржы заңдылығындағы 25 бапқа сәйкес, кәсіп-орын, егер қаржы жылындағы айналымы 70 мың франктан аспаған жағдайда, бұл салықтан босатылады.
Осымен қоса, ҚҚС-нан мыналар бостылады:
• мәдени, спорттық, тәрбиелік, әлеуметтік, әкімшілік салалардағы істерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер;
• медицина және білім беру;
• кейбір еркін мамандықтар: жеке мұғалімдік іс, жеке тәжірибеленуші дәрігерлер, рухани шығармашылықпен айналыса-тын адамдар.
Салық төлеушіге таңдау мүмкіндігі де берілетін жайлар болады, яғни ҚҚС-н төлеу ме, немесе табыс салығын төлеу ме? Бұл ғимаратты жалға бергенде, қаржы және банк ісінде; әдеби, әртістік, спорттық салада, жергілікті шаруашылықта берілетін жеңілдік түрлері.
Сондай-ақ, тұтыныс салықтары ҚҚС-мен қоса басқа да жанама салықтармен толықтырылады, яғни акциздер. Акцизделетін тауарлар тізіміне мыналар кіреді: алкоголь ішімдіктері, темекі бұйымдары, сірің-ке, оттық, бағалы металдан жасалған бұйымдар, қанат және кондитер бұйымдары, сыра және минералды суы, автомобиль көліктерінің кейбір түрлері, ұшқыш аппаратары.
Кеден баждарын да қажетті салықтар қатарына қосуға болады.Кеден баждарының басты мақсаты – табыс табу емес, ішкі нарықты қорғау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен ұлттық өнеркәсіпті де қорғау болып табылады. Кеден баждары мемлекттің экономикалық саясатының құра- лы ретінде пайдаланылады.
Табыс салықтарын кәсіпорындар және жеке тұлғалар төлейді. Кәсіп-орындардың таза табысына салық салынады. Салықтың жалпы мөлшер-лемесі – 34%. Кейбір жағдайларда ол 42% көтеріледі. Әлдеқайда төмен мөлшерлемелер 10-нан 24% жер пайдаланылуынан түскен табыстарға құнды қағаздарға салынған салымдарға т.б. қолданылады.
Ал жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы Францияның мемлекеттік бюджеттеріндегі түсімдердің 20% жуығын қамтамасыз етеді. Бұл салық мөлшерлемесі прогрессивті сипатта. 0-ден 56,8% мөлшерлемесі табыс көлеміне қарай қолданылады. 0-мөлшерлеме дегеніміз, табыс 18140 франктен аспайтын жеке тұлғаларға қолданыла-ды, яғни салыққа ілінбейді деген сөз.
Барынша көп мөлшерлеме 246770 франктан асатын табыстарға са-лынады. Ақшалай капиталдардан түскен табыстарға да салық салынады. Қозғалмайтын мүлікті сатудан түскен пайда, салық салынатын табыстарға қосылады. Ал құнды қағаздар операциясынан түскен пайда-ға 16% мөлшерлеме қолданылады.
Қозғалмайтын мүлік операциясымен байланысты пайдаға да салық салынады, егер келісім шарт саласы 20 мың франктан асса. Бұл жағдай-да үш мөлшерлеме қарастырылған – 4,5% және 7% өнер бұйымдарына және де 7,5% бағалы келісім шарттары үшін.
Келесі жерде меншікке салынатын салық туралы тоқтаған жөн. Мүліктер қатарына мыналар жатады: ғимараттар, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындары, қозғалмалы мүлік, құнды қағаздар т.б. Салық мөлшерлемелері мүлік құнына байланысты ажыратылады.

Франциядағы меншікке салынатын салық
мөлшерлемелері

№ Мүлік құны, мың франкпен Салық мөлшерлемесі, %
1 4260-дейін 0
2 4260-тан 6920 дейін 0,5
3 6920-дан 13740 дейін 0,7
4 13740-тан 21320 дейін 0,9
5 21320-дан 41280 дейін 1,2
6 41280 жоғары 1,5


Меншікке салынатын салықтар тобына сондай-ақ, тіркеу және елтаңбалық алымдарды да қосуға болады, сонымен қатар кәсіпорындар мен компаниялардың көлік құралдарына салынатын салық та осы топқа жатқызылады. Францияның салық жүйесінде жергілікті салықтар мен алымдардың алатын орны ерекше. 1982 жылдан бері жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтарын кеңейту мәселелері жиі қозғалып келеді.
Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табыстарының шамамен 40% құрайды. Жергілікті салықтар құрамындағы төрт негізгі салықтарды атап айтуға болады:
• құрылған учаскелерге салынатын жер салығы;
• құрылмаған учаскелерге салынатын жер салығы;
тұрғын үй салығы;
• кәсіби салық;
Бұл салықтардың мөлшермесін жергілікті органдар анықтайды. Құрылған учаскілердің жер салығы тұрғызылған учаскілерден алынады. Салық қозғалмайтын мүліктің бәріне қатысты, яғни ғимараттар, резервуарлар, мұнаралар т.б., сонымен қатар өнеркәсіп пен саудаға арнап пайданылатын учаскілерге де қатысты.
Бұл салықтан мемлекет меншігі босатылады; қала шетінде орналасқан және ауыл шаруашылық мақсатта пайдаланылатын ғимараттар да босатылады; жасы 75-тен асқан жеке тұлғалар да, сондай-ақ қоғамдық қорлардан жәрдем ақы алатын, немесе мүгедектік жөнінде жәрдем ақы алатын жеке тұлғалар да босатылады.
Ал, құрылмаған учаскілерге салынатын жер салығы алқаптар, ормандар, жайлымдар т.с.с. қатысты. Бұл салықтан мемлекет меншігіндегі учаскілер босатылады.
Тұрғын үй салығы тұрғын үй иелерімен қоса, жалгерлерден де алынады. Тұрмысы төмен адамдар бұл салықтан біртіндеп босатылады. Кәсіби салықтарды белгілі бір кәсіппен айналысатын, бірақ оған еңбек ақы алмайтын заңды және жеке тұлғалар төлейді. Салықты есептеу үшін екім элемент алынып, жергілікті органдар бекіткен мөлшерлемелерге көбейтіледі.
Олар мына элементтер:
• қозғалмайтын мүліктің жалгерлік құны;
• салық төлеушінің өзінің қызметкерлеріне төлейтін еңбек ақысынан қайсібір процент (пайыз) (әдетте 18%), сонымен қатар жалпы пайдасы (әдетте 10%).
Осы элементтер бойынша есептелген салық мөлшері өндірілген қосымша құнның 3,5%-нан аспаы керек. Бұл заңды түрдегі шектеу.
Осы негізгі төрт салықтан басқа, жергілікті органдар басқа да жергілікті салықтарды еңгізе алады:
• территория тазалауға салық
• кеніштерді игеру үшін жергілікті алымдар;
• электр жарығын орнату үшін алымдар;
• көлік құралдарына салынатын баждар;
• департамент бюджетіне аударылатын, ғимаратты сатуға салынатын салық т.с.с. жергілікті деңгейдегі көп түрлі алымдар мен төлемдер алынады.
Франциядағы салық жүйесіне тән мәселелердің барлығын Бас Салық Басқармасы (БСБ) қарастырады. БСБ қаржы және экономика министірлігінің құрамында. Жалпылама елде 830 салық орталығы және 16 ақпарат орталығы орналасқан. Салықтық бақылау көбінесе құжаттық және калиралдык тексерулер арқылы жүргізіліп отырады. Салықтан жалтару қатаң қадағаланып, тіпті қажетті жағдайда қылмыстық жауапкершілікке де тартылады. Қарапайым жағдайда байқаусызда, яғни қасақана емес, білместікпен декларация қате толтырылып қалса, нәтижесінде табыс азайтылып көрсетілген жағдайында 0,75% мөлшерінде айыппұл салынады. Қасақана табысты жасыру жағдайлары анық
талған жағдайда салық екі есе мөлшерде өндіріледі.
БСБ-сы арқылы орталық және жергілікті бюджеттердің жиынтық табысының шамамен 50% жиналады.
БСБ-ң жалпы басқару жұмыстарын бас директор жүзеге асырады, оның бірнеше кеңесшілерімен бір орынбасары бар.
БСБ құрамы мынадай орталық қызметтерден тұрады: дербес қызметкерлер және бюджет; ұйымдастыру және ақпарат; ұлттық салық мектебі; ішкі және сыртқы тексеру басқармасы; ұлттық салық тергеу басқармасы; статистикалық және құжаттық тексеру басқармасы т.с.с.
БСБ Францияның қаржы және экономика министрлігіндегі алдынғы қатарлы, ерекше бөлімше. 90-шы жылдардың басында министрліктегі еңбекпен қамтылғандардың 45% осы салада қызмет атқарған, бұл шамамен 83 мың адам.
Салық қызметіндегілердің негізгі бөлігі салық инспекторлары мен бақылаушылары. Салық инспекторларын оқыту Ұлттық салық мектебінде жүргізіледі (Париж және Киперман-Ферран бөлімшелерінде ) немесе Тулуза қаласындағы ұлттық кадастр мектебінде оқытады.

Францияның 2001-2015 жылдар
аралығында көздеген мақсаттары
мен жоспарлары

Соңғы жылдардағы Францияның даму ерекшіліктері экстенсивті сипатта байқалады. Әсіресе, бұл бағыт еңбекпен қамту саласын кеңейтумен тікелей байланысты. Сондай-ақ, макроэкономикалық өзгерістер жағымды факторлармен айқындалуда, атап айтқанда жұмыссыздықпен күрес. 1997-1999 жылдар аралығында еңбекке жарамды халықтын ішінде жұмыссыздар үлесі 12,5% дан 10,7%-ға төмендеді. 2000 жылдың қаңтар айында мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мақсатында үлкен қадам жасалып (2001-2003) дамудың орта мерзімдік бағдарламасы жарияланды. Бағдарламадағы негізгі мақсат- салық ауырпалығын азайтып, 2003 жылғы ЖІӨ-ң 43,7% дейін салық ауыртпалығын төмендету.
Францияның қаржы министірлігінің мәліметіне сәйкес, 2000 жылғы елдегі бюджет тапшылығы салықтардың төмендетілгеніне қарамастан, бекітілген болжамнан төменірек болып шықты. Бұл көрсеткіш 205 млрд франктен (1,25 млрд еуро) асқан жоқ, 1999 жылдың аяғында 215 млрд франк шамасында болып қалуы мүмкін деген болжамға қарамастан, 2000 жылдың қаңтар айында шыққан үш жылдық жоспар бойынша Франция 2003 жылы салықтық төлемдерді жылына 40 млрд франкқа қысқарту арқылы бюджет тапшылығынан арылуды мақсат етті. Бұл процесс 2001 жылы басталып кетті.
2002 жылдың қантарында Фтанцияның бюджет тапшылығы 6,05 млрд, еуроға қысқарды. Бұл 2001 жылмен салыстырғанда әлдеқайда айтарлықтай қысқару еді.
2002 жылдың алғашқы айында бұл көрсеткіш 6,05 млрд. Еуро болған болса, 2001 жылы бюджет тапшылығы 7,09 млрд еуро болған еді. Бюджетке түсетін түсімдер көлемі 4,1% жоғарылап, бюджеттің шығыс бөлімдері 2,5% қысқарған болатын.
Жуық арадағы 15 жыл бойы шаруашылық дамуы батыс Еуропа аймақтарының жалпылама даму тенденцияларына сәйкестендіріліп жүргізіледі деген сенім бар. Осы кезең аралығында Францияның орташа жылдық өсу қарқыны кем дегенде 2,4-2,6% шамасында болуы тиіс. Франция үшін жеке бизнес саласын қолдап, әсіресе бәсеке қабілеттілігін жоғарылату қажет.
Бүгінгі жаңа ең ірі ұлттық жеке фирмалар- «Данон» және «Л’Ореаль» деп танылып отыр.
Еңбек нарығын реттеу арқылы, жұмыссыздықты әлдеқайда төмендетуге болатынын Франция әлдеқашан түсініп, оған қажеті шараларды іске асыруда.
Францияда ішкі еңбек нарығын ұйымдастыру.

Елдердің әлеуметтік және экономикалық дамуына тәуелсіз түрде қалыптасқан жұмысшы күшінің миграциясы барлық елдерге тән сипат алған. Бірақ та әлемдік тәжірбие көрсеткендей, бұл процесс индустриясы дамыған елдерде өте айқын және белсенді түрде байқалады, өйткені бұл елдерде болып өткен ауыр кезеңдерде жұмысшы күшінің экспорты валюталық түсімнің қайнар көзі болып табылады.
Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайының көтерілуі мен саяси тұрақтылықты сақтау жағдайында жұмысшы күшінің тұрақты түде жылжуына мүмкіндік бар екендігін дәлелдейді.
Бірқатар елдерде көптеген салалар жұмысшы күшінің импортына тәуелді. Көрсеткіштік мәліметтер бойынша Франциядағы эмигранттар құрлыста жұмыс істейтіндердің 1/4-ін, автомобиль жасуда 1/3-ін, Бельгиядағы тау-кен жұмысшыларының 1/2-ін, Швециядағы барлық құрылыс жұмысшыларының 2/5-ін, құрайды.
Францияда шетел жұмысшы күшін жалдау жүйесі ірі капитал мүддесіне сәйкес болды. Француз журналы «Экспресс» былай жазды: «Францияны бірінші Еуропалық ірі мемлекетке айналдырушы экономи-калық өркендеу жұмысшы-мигранттарсыз мүмкін болмас еді».
Францияда шетелдік жұмысшы күштерінің мәселелерімен айналысушы мемлекет органдарының өте икемді жүйесі құрылды.Олар-дың ішінен маңызды болып төмендегілер табылды:
1. Миграция және халық тұрғындарының басқармасы – 1966 жылы денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ынтымақтастығы Министр-інің құрамында құрылған, иммиграциялық саясаты, натурализация мәселелерін (шетел азаматтарының Француз азаматтығын алуын) тексерді. Иммиграция төңірегіндегі өткен француз саяасатының мәні келесіден білінеді. Франциялық қоғамда шетел азаматтарының интеграциясына мүмкіндік туғызуы – иммигранттардың ағып келуін қатаң қадағалау.
2. Халықаралық миграция бюросы. 1945 жылдан соңғы жылдарға дейін бюро ұлттық иммиграциялық қызмет деп аталды. Қазір ол еңбек, еңбекпен қамту және профессионалдық дайындық Министрлігіне кіре- ді. Бюро шетелдік жұмысшы күштерімен және француз азаматтарының шетелге жұмысқа шығуы туралы сұрақтармен айналысады, сонымен бірге бюро Франциядан бір жолата кететін шетел азаматтарына өз елдерінде орналасуға әр түрлі көмек көрсетеді. Аталып отырған мемле-кет органы мұндай азаматтарды өздері ынта білдірген елдерге орналас-тыру бойынша келісімдер жасауға жауап береді. Бюро 1985 жылдан әр апталық журнал шетел жұмысшы күштері және шетелде еңбек жалдау сұрақтары бойынша анықтамалық әдебиет шығарады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!